КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАП ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАП ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық профилактикалық іс-шаралар аясында, Шымкент қаласының полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығында «Бірге есірткісіз салауатты болашаққа» ұранымен балаларға арнап экскурсия өткізілді.
Аталған шараға полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері, №3 Жоғарғы спорт мектебінің тәрбиеленушілері мен жаттықтырушылары, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.
Онда балаларға қызметтік иттердің мүмкіндіктері көрсетілді. Олардың көмегімен заттарды іздеу, қылмыскерлерді ұстау, жаттығу негіздері, күшіктерді тамақтандыру және олармен ойнау барысы назарға ұсынылды. Сонымен қатар, кинологиялық орталықтың тұрмыс-тіршілігі, қызметі мен міндеттері таныстырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар осындай мүмкіндікті берген Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығына өз алғыстарын білдірді.
Шымкентте жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген.
Есірткі организмге әр-түрлі тәсілдермен енгізіледі, көктамырмен енгізілетін есірткілер ерекше қауіптілік туғызады. Инъекциялық жолмен есірткі тұтыну елде, негізгі фактор болып табылады. Егер адам басқаның шприцін, инесін, басқа құралдарын есірткіні дайындау мен егу үшін пайдаланса немесе өз шприцін берсе қауіптілігі жоғарғы болады. Бұл жағдайда есірткі қабылдағандар АИТВ, гепатит В,С және тағы басқа жұқпаларды жұқтыру қауіпіне ұшырайды. Сонымен қатар есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, дайындағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жастар мен жасөспірімдер нашақорлықтың белең алмауы үшін есірткінің алдын-алу жұмыстарын кең көлемде жас ұрпақтың жүрегінен жол табатындай етіп кеңес жүргізіліп жүр.
Нашақорлықтын өсуі-бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік ең ауыр мәселердің бірі болып табылады.Қазақстанда есірткіні медициналық емес жолмен пайдалану күннен-күнге қауіпті бола түсуде.Нашақорлық арасында АИТВ таралуы қауіпті тек инъекциялық есірткіні стерильденбеген құралдармен қабылдауға ғана байланысты емес. Көптеген психоактивті заттар оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді есірткімен зақымдалу қауіпіне ұшыратады.Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп,тәуекелге жиі барады.Мұның барлығы қатты аландатушылық туғызады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын нақты қорғау атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сот...

Әділет министрлігі Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделері мен мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Өз...