ЕСІҢДІ БІЛСЕҢ – ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА!

ЕСІҢДІ БІЛСЕҢ – ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА!

«Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп студенттермен демалыс алдындағы соңғы кездесулер өткізді.
Мұндай кездесудің басты мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды спортқа баулу болып табылады.
Кезекті кездесу Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің ғимаратында өткізілді. Оған Шымкент қаласының полиция департаментінен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты.
Ол студенттерге есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқталды. Есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді. Сондай-ақ, өзінің білімі мен тәжірибесімен бөлісіп, жұмысы мен қызметтік міндеттері туралы, студенттерге өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.
Кездесу барысында студенттер спикерлерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды. Іс-шара соңында колледж студенттері арасында «Нашақор болмаудың 100 себебі» атты пікірталас ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Жастармен кездесудің басты мақсаты – есірткі заттарының, ішімдік пен темекі тартудың жас ағзаға зияны, болашақ өміріне келтірер қасіретін түсіндіру. Сондай-ақ, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өміру сүруге тәрбиелеу және «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы бойынша кеңес беру.
Көптеген психоактивті заттар оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді есірткімен зақымдалу қауіпіне ұшыратады.Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп,тәуекелге жиі барады.Мұның барлығы қатты аландатушылық туғызады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ