БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА

Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және Абай ауданы төтенще жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен "Балалар қауіпсіздігі” тақырыбында Қайнар бұлақ саяжай алабы тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты - төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсете білудің қарапайым жолдарын үйрету және алдын алу.
Түсіндірме жұмыстарында жаз маусымындағы қатаң сақталуы қажет ережелер мен есік алдында ашық тұрған шомылу орындарының қауіпсіздігі жөнінде түсіндіріліп, жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Түсіндірме жұмыстары барысында суға шомылу кезеңінің қауіпсіздік ережелері мен оның алдын алу бойынша түсіндіріліп, жаднымалық парақшалар тарқатылды.
Сондай-ақ тұрғындарға судағы қауіпсіздік шаралары қосымша ескертіліп, арнайы жадынамалар таратылды.
Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;
- Суға мас күйінде түспеңіз;
- Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар;
- Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз;
- Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға;
- Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;
- Суда ойнауға;
- Түнде суға шомылмаңыздар;
- Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз.
ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!
- Суға абайлап түс.
- Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.
- Жалғыз шомылмауға тырыс.
- Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.
- Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.
- Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Шомылуға рұқсат етілмеген орындарда және қала ішіндегі субұрқақтарға суға түсу адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...