ЖЫЛАНБҰЗҒАН ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСЫ ӨТТІ

ЖЫЛАНБҰЗҒАН ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Жыланбұзған» тұрғын алабындағы 7 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарының негізгі міндеті – мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізу болып саналады. Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының барысында Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» заңының 21- бабында көрсетілген талаптарға сай келмейтін бірқатар көрнекі ақпарат мәтіндері анықталды. Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.
Мәдениет адам қолымен жасалатын материалдық құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс ретінде таныла алмайды. Себебі тіл адам баласына берілген рухани құндылық. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен пішіннің байланысы секілді. Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны. Сондықтан да, тіл мен мәдениетті бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын құбылыс деуімізге болады. Тіл қоғамдық үдеріс болғандықтан, антропонимия саласындағы сөздер де қоғамның өсу, дамуымен байланысты өзгеріп, мағыналық тұрғыдан жаңарып отырады.
Шымкент қаласының шағын аудандарында кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын нақты қорғау атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сот...

Әділет министрлігі Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделері мен мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Өз...