5 маусым күні «AMANAT» партиясының мобильді тобы Қаратау ауданына қарасты Бозарық елдімекенінде болып, жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселелерін тыңдаған болатын. Қабылдау топ құрамында «АМАNАТ» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты Ардан АРАЛБАЙ, қалалық филиал төрағасы Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғани ТАШКАРАЕВ, «АМАNАТ» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан АЙТБАЕВ, Қаратау ауданының әкімі Рахымберді МҮЛКЕМАНОВ, Қаратау аудандық филиал, фракция төрағасы Қайрат ИМАШЕВ, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір ҚАЛЫБАЕВ қатысқан еді. Сол кезде Бозарықтағы Егемен Қазақстан көшесінің бір топ тұрғындары көктем, күз мезгілінде жауын-шашын салдарынан жол жүру қиын екенін, көшеге 15 жылдан бері асфальт төселмеген айтқан болатын.
Бүгін Егемен Қазақстан көшесіне асфальт төсеу жұмыстары басталды. Апта соңына қарай асфальттың екінші қабаты төселіп, тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалады. «AMANAT» партиясына көшесінің жағдайын айтып келген тұрғындардың өтініші аз уақыттың ішінде орындалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін».