ШАЛҒАЙЛЫҚ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ

ШАЛҒАЙЛЫҚ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ

Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен Забадам елді мекенінде жастарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты - шалғай елді мекеніндегі жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау. Азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау. Жастарды нәтижелі жұмыспен қамту және жұмыссыз жастар санын азайту.
Түсіндірме жұмыстары барысында, мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Айта кетейік, “Жастар практикасы” уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 35 жастан аспаған “жұмыссыз” мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...