Бүгін Абай ауданы жастар ресурстық орталығы мен Тұран ауданы жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Құрсай» шағын ауданы тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – шалғай елді мекен тұрғындарын түрлі мемлекеттік бағдарламалармен қамту.
Түсіндірме жұмыстары барысында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, мемлекеттік гранттар мен «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орындары», «Ұрпақтар келесім-шарты» мен 2,5% несие жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, “Жастар практикасы” уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 35 жастан аспаған “жұмыссыз” мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Ұрпақтар келісімшарты – бұл зейнеткерлік жастағы жұмыс істейтін қызметкерлердің жинақталған тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін арнайы құрылған жұмыс орны.
Ұрпақтар келісімшартына 35 жастан аспаған, оқуды 2 жыл бұрын бітірген оқу орындарының түлектері қатысады.
Жұмыстың ұзақтығы 6 айдан аспайды, аяқталғаннан кейін қатысушыға тұрақты жұмыс орны беріледі не ол зейнеткерлік жасқа толған қызметкерді алмастырады.
Жалақы кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.
Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының байланыс телефондарын мына жерден білуге болады.
Тіркелген жұмыссыздар сондай-ақ Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) бос жұмыс орнын таңдай алады.