ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАРДЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАРДЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Аудан әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бұзушылықтары бар заңсыз орнатылған жарнама объектілерінің алдын алу және жою бойынша жұмыстар тұрақты жүруде.
Ағымдағы жыл басынан аудан аумағындағы жол бойында және электр бағаналарындағы 469 заңсыз жарнама анықталып, түсіндіру жұмыстары жүргізу нәтижесінде 421 жарнама иелері тарапынан кемшіліктерді реттеу жүргізілді.
Мониторинг жұмыстары барысында талаптарға сәйкес келмейтін жарнамалық-ақпараттық объектіні (маңдайшаларды) орналастыру фактісі анықталды. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналастырылады: сол жағында жоғарыда - мемлекеттік тілде, оң жағында төменнен - орыс тілінде, көлемі жағынан бірдей әріптермен жазылады.
Бұдан басқа, кәсіпкерлік бөлімі өкілдерінің айтуынша, қасбеттерде орналасқан ақпараттық тақтайшалар, ескерткіш тақталар таза және ақаусыз ұсталады. Көшелерге қасбеттермен қарайтын дүкендер мен кеңселерге жеңіл безендіру жұмыстары жүргізіледі.
Ғимараттардың қасбеттері мен құрылымдық элементтерін өз бетінше түрлендіруге тыйым салынады.
Сонымен қатар, рейдтік топ жарнама иелеріне заңсыздық қайталанған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы яғни, тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан жағдайда әкімшілік шара қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жарнаманы орнатар алдын қалалық мәдениет басқармасымен келісіліп, кейін орнатқан мекенжайы, қанша уақыт тұратыны жайлы қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына хабар берілу керек. Әрбір жарнама кірістер департаментіне салық төлеу мақсатында тіркеледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...