Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, ұйымдастырылған мобильді қабылдауға «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Қ.Қыстаубаев, облыстық мәслихат депутаттары У.Рахиев, Ж.Сулейменов, аудандық мәслихат депутаты Қ.Әділбеков, «Көктерек» БПҰ төрайымы А.Тілеубаева, аудандық дербес бөлімінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Көктеректік тұрғындар өз мәселесін айтып көкейтесті сауалдарын айтты.
Қабылдауға келген А.Арипова үй кезегінде екі түрлі кезекте тұрғандығын айтып нақты кезегін анықтап беруді сұрады.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы 593 кезекте тұрғандығын айтып, ҚР заңдарына сәйкес кезекпен берілетіндігін түсіндірді.
Б.Бостанов бастап келген бір топ кент тұрғындары И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмысының төмен дәрежеде сапасыз жүргізіліп отырғандығын айтып бақылауға алуды сұрады.
Білім бөлімінің басшысы Д.Акатов жөндеу жұмысының төмен сапада жүргізіліп жатқандығынан толықтай хабары бар екендігін, сондай-ақ мердігер мекеме 3 ай көлемінде өз жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтау керек екендігін айтты. Алайда бөлім қызметкерлерімен бірге арнайы ұйымдастырып тексеру жіберетіндігінде жеткізді.
Кент тұрғындары сондай ақ жөндеу жұмысының құжаттарымен таныстыруды сұрады.
Жиыннан соң қабылдауға қатысқан барлық азаматтар мектепке барып мән жайды толықтай көріп, алдағы уақытта оң нәтижесін беретін шаралардың атқарылатындығын және жауапты мекемелермен нақты жұмыстар жасалып облыстық депутаттардың бақылауында болады деп шешті.
Кенттегі түйіні шешілмей тұрған мәселе жаңадан салынатын жайлы мектеп туралы болды.
Тұрғындар 600 орындық мектептің бала санының ұлғаюына байланысты тарлық ететіндігін айтып 900 орындық мектеп сұрап отыр. Д.Акатов осы мәселе жайлы бірнеше рет облыстық басқармаға хат жазғандығын, нәтижесінде министірліктен құпталмағандығын түсіндірді.
Облыстық депутаттар халықтың ұсынысын қолдау мақсатында партияның және өз аттарынан жауапты мекемеге хат жазып оң шешілуіне ықпал жасайтындықтарын айтты.
Сондай-ақ, кенттегі өзекті мәселе кәріз жүйесі, жарықтандыру жайлы да айтылды.
Жалпы тұрғындар бірнеше проблемаларды ортаға салып көңілге қонымды жауаптарын алды. Әр облыстық және аудандық мемлекеттік қызметкерлер мен халық қалаулылары барлық өтініштердің қабылдау кезінде оңтайлы шешіліп, қаралуды талап ететін өтініштері хаттамаға түсіріліп оң шешілуіне дейін бақылауға алатын болды.