Биыл мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге кіріс түсті

Биыл мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге кіріс түсті

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге сомасында кірістер түсті. Бұл жоспардың 95,5%-ға орындалғандығын аңғартады. Мұндай деректерді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты. 

Министрдің мәліметіне құлақ түрсек, республикалық бюджетке түскен кіріс сомасы - 3 трлн 853 млрд теңгені құрайды. Белгіленген жоспар 85,8%-ға орындалған.

«Кірістер бойынша жоспардың атқарылмауы 638 млрд теңгеге тең келіп, оның ішінде салықтар – 791 млрд теңгені құрады. Ал салықтық емес түсімдер 154 млрд теңгеге артығымен пайда әкелген. Жергілікті бюджеттердің кірістері 118%-ға атқарылып, нәтижесінде 2 трлн 274 млрд теңгені құрады. Жалпы жоспар 348 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша бюджетке 319 млрд теңге түсті» - деді Қаржы министрі.

Ал мемлекеттік бюджеттің шығыстары соңғы 9 айда 99,5%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,8%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5%-ға атқарылды.

«Республикалық бюджеттің шығыстары 10 трлн 272 млрд теңгені құрады. Жоспар бойынша 26 млрд теңге атқарылмады. Оның ішінде 6 млрд теңге үнемделді , ал  қалған 20 млрд теңгесі игерілмеді. Игерілмеудің ірі сомасы мынадай мемлекеттік органдарда қалыптасты: Мәдениет және спорт министрлігі – 1,8 млрд теңге, Бас Прокуратура – 1,5 млрд теңге, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – 1,4 млрд теңге, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі – 0,9 млрд теңге» - деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрі орталық мемлекеттік мен жергілікті атқарушы органдар жоспарланған қаражатты ғана емес, сондай-ақ Үкімет резервінен бөлінген ақшаны да игеру жұмыстарын жеделдету қажеттігін айтты. Ал пайдаланылмаған резервтік ақшаны осы жылдың соңына дейін тиісті мекемелер бюджетке қайтарулары тиіс.

Сондай-ақ,  жергілікті бюджеттердің шығыстары қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 5,6 трлн. теңгені құрады. Бұл бағыттағы жоспардың 30 млрд теңгесі сол күйі атқарылмағаны белгілі болды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...