Қазақстанда оқушылар жаппай коронавируспен ауырып жатыр

Қазақстанда оқушылар жаппай коронавируспен ауырып жатыр

Қазақстандық мектептерде коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайлары анықталуда.1 қыркүйектен бастап барлығы 184 бала ауырды, деп хабарлады Azattyq Rýhy. 

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың ақпараты бойынша, оқу жылының басынан бері кезекші сыныптарда 73 бала коронавирустық инфекциямен ауырып, 1 012 байланыста болған адам анықталды, олардың ішінде 10 жағдайда вирус расталды.

Қашықтықтан оқитын балалар арасында аурудың 111 жағдайы тіркелді. Бұл оқушылармен 317 байланыс құрған адам тексеріліп, олардың арасында 19 адамда коронавирус расталды.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жаңа оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 104 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 33 жағдайда балалар кезекші сыныптарда оқығанын хабарлаған.

7 қазанда мектептерде кезекші топқа барған 46 оқушы және балабақшаларда 3 баланың ауырып жатқаны белгілі болды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...