Ақжолтай жаңалықты аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Иассы ауыл округінің тұрғындарымен өткен есепті кездесуде жеткізді. Ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері таза ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Мәселе көп ұзамай шешіледі. Есепті кездесуде мұнан өзге проблемаларда көтерілді. Ауыз сумен қоса, жарықтың да жайы мәз емес. Тұрғындар электр қуатының сапасына шағымданумен келеді. Кешқұрым ауылдағы барлық үй қосылғанда электр қуаты жетпей, кейде жарық сөніп қалады. Соның салдарынан елді мекенде тұрмыстық техникалар жиі күйіп, халық шығынға батып жатқан көрінеді.
Көшелерге қауіпсіздік үшін бейнебақылау камераларын қою, ескірген су құбырларын жөндеуден өткізуде сөз болды жиында. Салдарынан үйлерге су жетпейді. Ауыл тұрғындары участкелік полицияның жұмысына көңілдері толмайтын көрінеді. Өздері заң бұзушылыққа жиі барады дейді тұрғындар.
Халықпен кездесу барысында: -Ауылдағы халықтың жағдайын көтеру басты міндетіміз. Сіздердің талап-тілектеріңіз менің назарымнан тыс қалмайды. Мәселелерді кезең кезеңімен шешіледі,-деді Ғалымжан Қарабайұлы.
Ауылға көңіл бөлу тұралап қалмайды. Нәтижелі жұмыс жалғасын табады. Жиын соңында аудан басшысы тиісті басшыларына нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімінің кезекті есепті кездесуі сағат 16-00де Оранғай ауылдық округінің тұрғындарымен жалғасты.