Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауында 33 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар емдеу-сауықтыру орталығына кезектен тыс жіберу, елді мекен шегіне кірмеген жерлерді елді мекен шегіне кіргізу, мектеп формасын беру, жерді құжаттандыру, көпқабатты тұрғын үйлерге газ беру, жол белгілерін орнату, көпқабатты тұрғын үйден пәтер беру, арықтарды тазалау, жолға бейнебақылау камерасын орнату, жеке меншік емхана салу, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
- Біздің мақсатымыз – жеке қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін қанағаттандыру. Алайда, әр мәселе заң аясында шешілуі тиіс және уақытты талап ететінін ескерткім келеді,-деді аудан басшысы.
Аудан басшысы қабылдау барысында тұрғындар көтерген барлық өтініштерге мардымды жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ, қосымша уақыт талап ететін мәселелерді жеке бақылауында ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдеріне тұрғындардың мәселелерін қолданыстағы заңнама аясында шешуді тапсырды.