ШЫМКЕНТ: 11-ШАҒЫН АУДАНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ МЕРЕКЕ КҮНІ ТАРТУ ЕТІЛДІ

ШЫМКЕНТ: 11-ШАҒЫН АУДАНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ МЕРЕКЕ КҮНІ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласында “Астана күні” мерекесіне орай балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
“Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Еңбекші ауданынан қарасты Ш.Уәлиханов көшесі №188 Б көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасы орнатылды.
Шағын аудан тұрғындары балалармен бірге қуанышқа бөленді.
Биыл Еңбекші ауданы аумағында 29 балалар ойын алаңшасы, сонымен қатар 7 кешенді балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылуда.
Айта кететін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын елімізде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асып келеді. Жас жеткіншектерді қолдауға арналған жобаға – ғылым, медиа, бизнес, мәдениет және IT саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар өтінім бере алады. 2022 жылы аталмыш грантқа Шымкенттен 14 жоба ұсынылған. Жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыруға ұмтылған жандардың бірі – Дияра Жолдасбай. Ол грант иегері атанып, бүгін өз жобасын іске асырды.
Қала әкімінің 2020-2023 жылдарға бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес 262 аула көріктендіріліп, 40 спорт алаңшасы салынды. Биылғы жоспарға сәйкес 39 аула мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылады. Алдағы жылы 41 балалар ойын алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аудан бойынша көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру 2025 жылы толық аяқталады.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып тұрғындар пайдалануына берілді.
2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады.
2024 жылдан бастап бұрыңғы 7-8 жыл қолданыста болған және ескірген 101 аулаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, элементтерін жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...