Қалада жаңа оқу жылы қарсаңында білім ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге Ынтымақ шағынауданындағы №54 жалпы білім беретін орта мектебінің жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Салынғанына 10 жыл болған ғимарат қолданысқа берілгелі енді күрделі жөндеуден өтуде. 900 орындық нысанның құрылысы маусым айында басталған. Осыған дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарының 80 пайызы орындалған.
Өндірістік кестеге сай мектептің күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталып, пайдалануға беріледі.
М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен сапаға басымдық беріп, оқушылар қауіпсізідгін қатаң ескеруді тапсырды.
Биылғы жоспарға сәйкес жалпы, қалада 9 білім ғимараты күрделі жөндеуден өтеді. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талапқа сай жабдықталады.
Қалада өткен жылы 24 800 орындық 43 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-тен 3-ке азайған. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде.
Бүгінде Абай ауданы бойынша мектептер саны – 29, жеке меншік 16 мектеп бар. Ал білім ордасына тапшылық -7 болса, мектеп жоқ 2 елді мекен бар. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.
Атап айтқанда.
1.Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
3. Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп.
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.
6. Достық ш.а 2000 орындық мектеп салу.
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу.
9. Шымкент Сити ш.а 2000 орындық мектеп.
10. Қайнарбұлақ ш/а Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.