ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕРГЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕРГЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ағымдағы жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 2000-нан астам арендалық пәтердің мақсатты пайдалану жағдайын зерделеу үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 68 отбасыға тиісті акт түзіліп, хабарлама хаттар жолданды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жалдау шартының негізінде «Жалға алушы» осы шарттың талаптарына сәйкес белгіленген мөлшерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін уақытында төлем енгізуге міндетті.
Егер азамат жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ай сайынғы төлем бойынша берешегі болған жағдайда, шарттың міндетін орындамай отырған болып саналады.
Сонымен қатар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін азаматтар әр айдың 5-іне дейін төлем төлемеген жағдайда өсімпұл жүретіндігін хабарланады. Осыған байланысты хабарлама алған күннен бастап 3 күн ішінде берешекті төлеуі тиіс.
Жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтар пәтер ақыны Қазпошта немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлей алады
Ай сайынғы жалдамалы баспананың пәтерақы берешегі төленбеген жағдайда Тұрғын үй басқармасымен сотқа шағымдану арқылы пәтерді босату жөнінде талап арыз түсіріледі.
Жыл соңына дейін қалада Жұмысшы жастар тұрғын үй бағдарламасы аясында 888 азамат арендалық пәтермен қамтылады. Тиісті заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, бірқатар мемлекеттік қолдауларға ие болуда.
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз пәтерлер енді 3 жыл мерзімге берілетін болады.
Үміткердің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде болу тиіс. Сонымен қатар қатысушының айлық табысы 40 АЕК - тен кем болмауы қажет.
Бағдарламасы аясында 2020 жылы 904, 2021 жылы 300, былтыр 857 пәтер берілген. Өтініш берудің биылғы кезеңі алдын ала хабарланады.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін қалада 40 көп қабатты тұрғын үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатыр, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 591 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 380 азамат пен Отбасы банкі арасында келісім шарт түзіліп, тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызына мемлекет тарапынан төлемдер аударылды.
Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не өтінім бере алады.
Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...