САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЕСКЕРТІЛДІ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЕСКЕРТІЛДІ

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының және Төтенше жағдайлар басқармасы мен учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қошқар ата өзені бойында шомылу ережелері бойынша қала тұрғындарына үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Мақсат - төтенше жағдайларды алдын алу, оқыс оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдерін үйрету. Түсіндірме жұмыстары барысында тұрғындарға суға шомылу барысындағы қауіпсіздік ережелерімен қоса балаларды қараусыз қалдырмау, белгіленбеген су арналары туралы ескертіліп, қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынама парақшалары таратылды.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласының аумағында қазіргі таңда суға шомылуға рұқсат етілген 3 демалыс аймағы бар.
Мақсаты - төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсете білудің қарапайым жолдарын үйрету және алдын алу.
- Жазғы маусымда ең қауіпті кезеңдерінің бірі - суға шомылу. Шомылуға рұқсат етілмеген жерлер мен қауіпсіздік шараларын дұрыс ұстанбау нәтижесінің соңы қайғылы жағдайларға соқтырады. Сіздерді барлық қауіпсіздік ережелерін ұстауға шақырамыз, - деді ТЖБ инженері Асқар Рысбекұлы.
Түсіндірме жұмыстары барысында суға шомылу кезеңінің қауіпсіздік ережелері мен оның алдын алу бойынша түсіндіріліп, жаднымалық парақшалар тарқатылды.
Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;
- Суға мас күйінде түспеңіз;
- Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар;
- Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз;
- Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға;
- Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;
- Суда ойнауға;
- Түнде суға шомылмаңыздар;
- Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз.
ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!
- Суға абайлап түс.
- Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.
- Жалғыз шомылмауға тырыс.
- Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.
- Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.
- Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Шомылуға рұқсат етілмеген орындарда және қала ішіндегі субұрқақтарға суға түсу адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Анықтама: Пилоттық жобалар:1. Қалалық онкологиялық орталықта және №6 қалалық емханада сүт безі обыры мен өкпе обырын ерте сатысында анықтау бойынша...