37 ПӘТЕР КЕРІ ҚАЙТАРЫЛЫП, 40 АЗАМАТҚА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

37 ПӘТЕР КЕРІ ҚАЙТАРЫЛЫП, 40 АЗАМАТҚА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Бұл жөнінде қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев баяндады.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 47 көпқабатты коммуналдық меншіктегі әлеуметтік баспаналарды жалдаушы азаматтардың нақты тұрып жатқандығын, пәтерді жалға берушілерді анықтау және пәтерді жалдау ақысының қаржыларын түсіру мақсатында арнайы жұмысшы топ түгендеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесі бойынша есеп берді.
Түгендеу жұмыстары барысында, пәтерлердің бұрынғы жалдаушылары қайтыс болған, басқа мекенжайға қоңыс аударған және тұрғын шаршы алаңын кеңейту бойынша келесі пәтер алғандар есебінен 37 бос пәтер анықталды.
Кері қайтарылған пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған, кезегі келген, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға қыркүйек-қазан айларында кезек реттілігімен үлестірілетін болады.
Сонымен қатар, мұқтаждық бойынша кезекпен алынған пәтерлерді жалға беру деректері анықталып, 40 азаматқа ескерту берілді.
Шаһар басшысы тұрғын үй қатынастарында заң бұзушылыққа жол берілмеуін қатаң ескертті. Заң аясында тиісті шараларды қабылдап, түгендеу жұмыстарын тұрақты жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап...

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты,...