Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев шалғайдағы Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу еркін форматта өтіп, тұрғындар көкейіндегі сұрақтарға жауап алды. Аудан басшысы алдымен өткен кездесу барысында көтерілген мәселердің шешілу процесіне тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
- Бүгін, Жамбыл ауылдық округіне өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмыз. Жыл басынан бері өздеріңізбен 2 есепті кездесу өткіздік. Сол кезде маңызды 8 мәселесі көтерілген. Сол мәселелерді шешу бойыша арнайы іс-шара жоспары істеліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде, - деген аудан әкімі көтерілген әр мәселеге тоқталып өтті.
Атап айтқанда, Бекбота елді мекеніндегі ауыз су құбырына қосымша насос орнату жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ауылдың шеткі нүктелеріне ауыз су жетіп, мәселе шешімін тапты. Тұрғындар шалғайлағы ауылдарға арналып заман талабына сай емхана салынса деген сұранысын білдірген болатын. Ол бойынша Бекбота елді мекеніндегі «Жамбыл» дәрігерлік емханасын жаңартуға жер таңдау актісі істеліп, ауданның кадастр мекемесінен жоспары алынды. Қазіргі таңда «Абай» Келес аудандық ауруханасы тарапынан сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалуда.
Жамбыл ауылдық округінің даму жоспарына сәйкес және тұрғындардың талап, тілегін орындау мақсатында №61 Абай атындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық округі әкімдігі жаңартылады.
Сонымен қатар Бекбота және Майда Бозай елді мекендері аралығындағы облыстық маңызы бар КХ-108 автомобиль жолының 0-11 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары және Ащыкөл мен Қалғансыр елді мекендері аралығын қосатын аудандық маңызы бар КХGS-32 автомобиль жолының 6,8 шақырымына орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыс жоспарына енген болса, биыл Майдабозай елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілмек.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.
Тұжырымдаманы іске асыруда «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мәселен, «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған.