ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАП, ҚАЛАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА БАҒА БЕРДІ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАП, ҚАЛАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА БАҒА БЕРДІ

Түркістанда 65,7 шақырымды құрайтын 48 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ә.Жангелдин, І.Қожабаев, Қазыбек би - О.Жарылқапов көшелерінің аралығы және Қалаби көшесі құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол, веложол, суағар науа, көпір салынады.
Ұзындығы 7,4 шқ.құрайтын жол қала тұрғындарының бірнеше бағытта жүруіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, қаланың орталық көшелеріндегі көлік кептелістері азайып, қала тұрғындары үшін жаңа қоғамдық көлік бағыттары ашылады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс алаңдарын аралап, қаланың маңызды әлеуметтік нысандары мен инфрақұрылымының дайындығына баға берді.
Құрылыс алаңында болып, мердігерлермен кездесті. Жұмыс сапасына басты назар аударуды тапсырды. Облыс әкімі шаһардағы бірнеше жолдардың құрылысын пысықтады.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан 43 көшеге аяқжол салынып жатыр.
Түркістандағы құрылыс ныснадарын аралаған облыс әкімі шаһарды сумен қамтитын «Түркістан-Су» мекемесінің жай-күйімен танысты. Мамандардың айтуынша, 27 КНС және сарқынды су тазалау имаратының сумен жабдықтау және кәріз жүйелері жөндеуді қажет етеді.
Бұл Түркістан қаласының 40 мыңға жуық тұрғыны мен 629 әлеуметтік нысандарға 24 сағат тоқтаусыз таза сумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын. Қазіргі уақытта 1965-1982 жылдардан бері салынған су құбырлары бюджет есебінен алмастырылып жатыр. 10 сарқынды су насос станциялары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаңа насос қондырғыларымен, желдеткіш қондырғыларымен қамтамасыз етілуі қажет.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Түркістан облысының халқын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Маңызды мәселе өңір басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды.
Сонымен қатар, отырыста Түркістан және Кентау қалаларын Мырғалымсай жер асты су кен орнынан ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де жан-жақты талқыланды. Оған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетінің басқарма басшысы, осы салаға жауапты басшылар, ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізетін сарапшылар қатысты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына Геология комитетімен бірлесіп, қысқа мерзімде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу жолдары жөнінде нақты ұсыныс әзірлеп, ұсынуды тапсырды. Ауыз су тапшылығының алдын алуға қатысты тиісті жұмыстарға күш салуды жүктеді.
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың баяндауынша, Түркістан облысында барлығы 7 топтық су құбыры және жергілікті су құбыры бар. 608 елді мекеннің басым бөлігі ауыз суды жер асты су көздерінен (ұңғымадан) пайдаланады.
Су құбырымен қамтамасыз етілген 720 елді мекеннің 215 елді мекеніне ауыз су кестемен беріледі. Соның ішінде, облыстың оңтүстік аймақтарда ауыз суға тапшы. Оған жер асты сулары деңгейінің түсуі себеп. Нәтижесінде су қоры азаюда.
Елді мекендерге орталықтандырылған ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ең алдымен су көздеріне іздеу-барлау жұмыстары жүргізіледі. Уәкілетті органдар, яғни Геология комитеті мен «Оңтүстікқазжерқойнауы» департаменті тарапынан су қоры бекітіліп, жер асты су қорларының көлемі көрсетіледі. Алайда, эксплуатациялық ұңғымаларды бұрғылау кезінде, жеткілікті көлемде су шықпай қалу фактілері орын алуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Түркістан облысының халқын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Маңызды мәселе өңір басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды.
Сонымен қатар, отырыста Түркістан және Кентау қалаларын Мырғалымсай жер асты су кен орнынан ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де жан-жақты талқыланды. Оған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетінің басқарма басшысы, осы салаға жауапты басшылар, ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізетін сарапшылар қатысты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына Геология комитетімен бірлесіп, қысқа мерзімде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу жолдары жөнінде нақты ұсыныс әзірлеп, ұсынуды тапсырды. Ауыз су тапшылығының алдын алуға қатысты тиісті жұмыстарға күш салуды жүктеді.
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың баяндауынша, Түркістан облысында барлығы 7 топтық су құбыры және жергілікті су құбыры бар. 608 елді мекеннің басым бөлігі ауыз суды жер асты су көздерінен (ұңғымадан) пайдаланады.
Су құбырымен қамтамасыз етілген 720 елді мекеннің 215 елді мекеніне ауыз су кестемен беріледі. Соның ішінде, облыстың оңтүстік аймақтарда ауыз суға тапшы. Оған жер асты сулары деңгейінің түсуі себеп. Нәтижесінде су қоры азаюда.
Елді мекендерге орталықтандырылған ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ең алдымен су көздеріне іздеу-барлау жұмыстары жүргізіледі. Уәкілетті органдар, яғни Геология комитеті мен «Оңтүстікқазжерқойнауы» департаменті тарапынан су қоры бекітіліп, жер асты су қорларының көлемі көрсетіледі. Алайда, эксплуатациялық ұңғымаларды бұрғылау кезінде, жеткілікті көлемде су шықпай қалу фактілері орын алуда. Осыған байланысты Келес, Сарыағаш аудандарында орталықтандырылған ауыз су жүйелері жүргізілген барлық елді мекендерінде ауыз су кестемен беріледі, дейді мамандар.
Түркістан, Кентау қалалары Мырғалымсай жер асты сулары кен орнынан магистральдық су құбырымен қамтамасыз етілуде. 2021 жылы «Геотерм» ЖШС тарапынан жете барлау жұмыстары жүргізіліп, жер асты су қоры бекітілді. Кентау қаласында «Қосқорған су қоймасын» одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жұмыс жобасы бойынша Мырғалымсай жер асты су кен орны аумағында қосымша тік дренажды 11 дана ұңғыма қазылды. Осылайша жылына 40 млн.м3 көлемінде су алу көзделген. Ауыз су 130 метрге дейінгі тереңдікте орнатылған 4 дана су сорғысы арқылы тартылады. Қосымша Түркістан қаласын көгалдандыруға және жасыл желектерді суару үшін су алу жоспарланып отыр.
Басқосуда су қоры мен оның сапасына қатысты өзекті мәселе төңірегінде мамандар пікірі тыңдалды. Өңір тұрғындарын жеткілікті көлемде ауыз сумен қамтамасыз ету үшін өзекті мәселелерге құзыретті уәкілетті орган (Геология комитеті) және тәуелсіз мамандардың зерттеу-зерделеу жұмыстарын жан-жақты бірлесіп жүргізу туралы мәселе көтерілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетінің басқарма басшысы Шыңғыс Есенгазиев облыстағы жер асты суларының деңгейі төмендеуі бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеулердің барысымен таныстырды.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласы ауыз сумен толық Кентау-Түркістан су топтамалары арқылы «Ащысай-Су» МКК-нан қамтамасыз етіліп отыр.
Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып, жұмыс барысындағы олқылықтарды ортаға салды. Қала әкіміне тапсырмалар берілді. Қызметіне сәйкес келмейтін басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге шара көріледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға ерекше мәртебе беру мәселесін көтеріп, айрықша қолдау білдіріп отыр. Түркістан – Түркі әлемінің орталығына айналуы тиіс. Басқа аудан, қалалар Түркістанға қарап бой түзейтінін ескерсек, мұндағы жұмыс сапалы әрі мазмұнды болуы керек. Түркістан дамыса, өзге аудандар дамиды. Жұмыс бар. Бірақ сол қарқынды түсірмей, тиісінше арттыра түскен жөн. Түрлі сала бойынша мәселелер, кемшіліктер айтылды. Осыларды қысқа мерзімде жоюды тапсырамын. Қалаға инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, туризм саласын дамыту, бюджетті ұлғайту бойынша нақты жұмыс пен нәтиже күтемін. Қаланың сәулеті, құрылысы, көгалдандырылуы, абаттандыру жұмыстарын да жандандыра түсуді тапсырамын, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 165,4 мың адамнан 221 мыңға адамға жетті. Өзіндік кірістердің көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 15 млрд. теңге болса, 2023 жылға 17,8 млрд. теңге болып, өсім 18,7% пайызды құрады.
Жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылдың қорытындысымен 319 млрд. теңгені құрады. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2022 жылы 21,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Жыл басынан бері қаңтар-наурыз айында 6,2 млрд. теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,2 % құрады. Өткен жылы қалаға 304,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Биыл инвестиция көлемі 348,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. Қалада «TURKISTAN» индустриалды аймағы жұмыс істейді. Қазіргі таңда онда 19 жоба орналасқан. 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.
Биыл Түркістан қаласында жалпы көлемі 400 мың шаршы метрден асатын 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде бюджет есебінен 66 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 59 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал жеке инвестиция есебінен 46 үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, Түркістан қаласын одан әрі дамыту мақсатында жаңадан салынатын 800 пәтерлі, 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы облигация есебінен (кредиттік тұрғын үй) басталып, нәтижесінде халық игілігіне 220 мың теңгеден ипотекаға беріледі.
Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 15864 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр. 2022 жылдың қорытындысымен 3155 пәтерді құрайтын 49 үй пайдалануға берілді. Оның ішінде ипотекамен 2683 пәтер, көп балалы отбасыларға 544 пәтер, әлсіз топтағы азаматтарға 244 пәтер тапсырылды.
Қала аумағында мектептердің мәселесін шешу мақсатында 7 мектептің құрылысын 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы жүзеге асыру жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...