ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында жаңа үлгідегі учаскелік полиция бекеті ашылды. Жаңа полиция пункті Түркістанның тұрғындары қарқындап өсіп келе жатқан Отырар шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жергілікті полицейлердің жаңа ғимаратқа қоныстануына арнайы келген ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жаңа бекеттің жұмысымен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесті.
Учаскелік бекет қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Учаскелік инспектор тұрғындардың арыз-шағымын осында қабылдап, кез-келген мәселеге дер кезінде ден қояды. Мұнда учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен қатар, көші-қон қызметі, әкімшілік практика, пробация қызметкерлерінің жұмыс орындары, демалыс орындары қарастырылған. Ерікті көмекшілерге арналған кабинет, азаматтарды қабылдау бөлмесі, ана мен бала бөлмесі де бар.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кедергісіз кіруге жағдайлар жасалған, оның ішінде арнайы жабдықталған санитарлық тораптар да бар.
Полиция пункті бейнебақылау жүйесімен жабдықталған және мұнда қызмет көрсететін аумағының бейнебақылау камералары шығарылған. Мұның барлығы полицияның ашықтығы, қолжетімділігі, құқық бұзушылықтар мен азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюы үшін жасалған.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру туралы идеясының негізгі мақсаты – елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамның мүддесі мен талап-тілегін ескере отырып, осы мақсатта жұмыла әрекет етуіміз қажет. Бұл жауапты іс тікелей құқық қорғау саласы қызметкерлерінің адал еңбегі арқылы жүзеге асады. Сондықтан полицияның кедергісіз қызмет етуіне әкімдік тарапынан барлық қолдау көрсетілуде. Бұл - халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қарқынды қадам деп білемін. Елдің амандығы мен құқықтарының сақталуы ішкі істер саласының қызметкерлеріне ғана емес, қоғамның алдындағы міндет. Бұл жұмыстарды бәріміз бірлесе атқаруымыз қажет,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне күш салынған. Атап айқанда, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосу үшін «Ұлттық Ұланның» әскери бөлімін құру қолға алынды. Ұландықтарды орналастыру үшін Түркістан қаласынан арнайы ғимарат белгіленіп, құрылыс жұмыстары жүруде.
Биыл полиция департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға тапсырылды. Ғимараттың аумағы - 15 мың м2. Департамент жанынан Жедел басқару орталығы ашылды. Полиция қызметкерлеріне былтыр 252 жаңа көлік табысталса, биыл тағы да 30 автокөлік алынды.
Ел Президентінің полицияны сервистік моделге көшіру туралы тапсырмасына сәйкес, 2021 жылдан бастап облыста ведомствоаралық топтар құрылып, жұмыстарын атқаруда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полиция қызметінің сервистік модельге көшуі басым бағыттардың бірі болды.
Осы бағытта ішкі істер органдары қызметкерлерінің сервистік модельге көшуі қарқынды іске асырылып келеді. Өйткені негізгі мақсат – қажеттіліктерге жауап беретін және қоғаммен серіктестікте жұмыс істейтін кәсіби, өкілді, жұртқа жақын, ашық әрі қолжетімді полиция қызметін құру. Сонымен қатар сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделу.
Түркістан қаласы тарихи өңір болуымен қатар, ғасырдан ғасырға дейін жалғасып, өзінің кереметтілігімен туристерді тартып, олардың ағылып келуіне ықпал етіп отырған әйгілі Қ.А.Яссауи кесенесі де осы аумақта орналасқан. Сондықтан берілген бұл мүмкіншілікті оңынан пайдаланып, қасиетті мекенді туризм орталығына айналдыру жұмыстары үзіліссіз жүзеге асырылып жатса, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, солардың тілінде еркін сөйлейтін полицейлердің қатарын арттыру ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан мықтап қолға алынған.
Қалада қауіпсіздікті қамтамасыз етуде«SOS» батырмасы орнатылған. Яғни өңірімізге келген турист, еліміздің азаматы полиция тарапынан жәрдемді қажет етсе немесе қауіпке тап болған кезде бірден көзге көрінікті орындарға қойылған «SOS» батырмасына қолын апарып басып, болған жайт бойынша хабар бере алады. Арнайы хабарлама бірден полиция қызметкерлерінің жедел желісіне түседі. Оператор сол мезетте жақын маңдағы полиция қызметкерін көмек қажет орынға бағыттап, қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алады. Сонымен қатар осы қызметті мобильдік қосымша арқылы да алуға болады. Яғни батырма тақталарынан бөлек арнайы қосымшалар да жетілдіріліп, қолданылып келеді. Негізі мұндай жобалар өз кезегінде туристерге жайлылық пен қауіпсіздік береді.
Сервистік полицияны дамытуда стационарлық бекеттер мен туристік полицейлерді де мысал ретінде айтып өтуге болады. Себебі бұл жобалар өз кезегінде халық пен мемлекет үшін маңызды әрі аса қажетті екендігін дәлелдеп отыр.
Әрбір стационарлық бекетте қызметкерлер кезекшілікке түсіп, тәртіпті қадағалайды. Аталмыш бекеттердің барлығы заманауи техникамен, атап айтқанда портативті бейнетіркеуіштермен, радиостанциялармен және планшеттермен жабдықталған.
Тағы бір ерекшелігі стационарлық бекеттер сыртқы бейнебақылау камерасымен жабдықталып, Жедел басқару орталығына қосылған. Олар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстың алдын алу бойынша қызмет атқаруда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап...

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты,...