Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің өзекті мәселелер бойынша көшелердегі кездесуі жалғасуда. Сауран секторында М.Өтемісұлы және Д.Нысанбаев атындағы көше тұрғындары ауыз су жүйесін жаңарту, жарықтандыру, сонымен қатар қоғамдық көлік қатынасы бойынша мәселе көтерді.
Биыл республика бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 280 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 402 жобаны, оның ішінде қалаларда 167 млрд теңгеге 135 жобаны, ауылдарда – 113 млрд теңгеге 267 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жыл қорытындысы бойынша сумен жабдықтаудың қолжетімділік деңгейі: қалаларда – 98,8%, ауылдарда 96,3% жетуге тиіс. Жалпы, 2025 жылға дейін қалған 25 қала мен 1395 ауылдың тұрғындары тиісті қызметтермен қамтылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласында 42 014 абоненттің ауыз сумен 41 552 абоненті, яғни 98, 9 пайызы қамтамасыз етілген.
Бұрын Түркістан қаласында халық 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етілмеген және суармалы су өте аз болды. Осы мәселерді шешу мақсатында бірінші кезекте халықты ауызсумен қамтамасыз ету қолға алынып, жүзеге асырылған екі ірі жобаның арқасында бүгінде бұл мәселе түбегейлі шешілген және істе 2050 жылға дейін халық саны 500 000 адамға жету мүмкін деген болжам да ескерілген. Түркістан қаласына 234 млн текше метр ағын су жетіспейтіні анықталып, оны шешу үшін ғалымдармен кеңесе келе Түркістан қаласына 248,8 млн текше метр ағын су жеткізудің жолы табылған. Бұл үшін «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасы арқылы 60 млн текше метр су үнемделіп, қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады (құны – 16,5 млрд тг). Бұрын ағын су 43 пайыз фильтрациялық шығынға ұшыраса, енді оны болдырмау үшін бүгінде 52 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізілген. 2021 жылдың желтоқсан айында «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы жобасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн текше метр ағын су жеткізіледі. «Арыс-Түркістан магистралдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» арқылы 52,8 млн текше метр ағын су жеткізілетін болады (құны 30,2 млрд тг). Жаңадан «Сарқырама» су қоймасын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су жеткізілмек (құны 7,4 млрд тг). Сондай-ақ Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы арқылы 40 млн текше метр ағын су жеткізіледі (құны 20 млрд тг).
Сондай-ақ, Түркістанда инвесторлардың көмегімен микробизнесті, стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін қолдау мақсатында алғаш рет «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы ұйымдастырылған.Бұл алаңда мол табыс табудың қыр-сырын үйретіп, кәсіптің өркендеуіне үлес қосуға өңір кәсіпкерлері қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда, аталған жобаның 3 маусымы өтті. 88,3 млн. теңгеге 23 жоба кәсіпкерлер тарапынан қолданып отыр.
Осы ретте Түркістан қаласында «Turkistan» сауда маркасымен бөтелкедегі ауыз су шығарыла бастағанын айта кетейік. Жақында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Аслан Ибадуллаев «Түркістанның қасиетті суы» кәсіпорынының жұмыс барысымен танысып қайтты.«Түркістанның қасиетті суы» 60 метр тереңдіктен шығады екен. Ол ешқандай қоспасыз, минералдарға бай су. Кері осмосты қолданумен ультракүлгін сәулелерімен өңделіп, ұсынылады. Және арнайы құрылғылардың көмегімен бөтелкеге құйылып беріледі. «Түркістанның қасиетті суында» — кальций, магний, калий, йод, натрий және басқа микроэлементтер бар екенін де тілге тиек ете кетейік.
– Кальций жүрек бұлшық етінің жиырылу күшін арттырады, иммунитетті жақсартады. Қабынуға қарсы әсері де бар. Сүйектердің өсуіне оң әсер етеді, олардың беріктігін нығайтады. Магний қандағы холестеринді төмендетеді, жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Сондай-ақ, бас ауруын жеңуге көмектеседі, жүрек пен тыныс алу жүйесін қолдайды. Йод қалқанша безінің қызметін белсендіреді, резорбция және қалпына келтіру процестеріне қатысады. Марганец ақуыз алмасуын жақсартады. Бұл судың денсаулыққа пайдасы зар. Түркістан — екінші Мекке саналатын қасиетті жер, әрбір келген қонағымыз біздің қасиетті суымызды тұтынады. Болашақта атақты брендке айналдыру жоспарда бар, – дейді кәсіпорын басшысы М. Бекжанов.
Бұл кәсіпорын толықтай автоматтандырылған. Су өңдейтін құрылғыны және өзге де құрал-жабдықтарды кәсіпкер 100 мың АҚШ долларына шетелден сатып әкелген екен. Қазіргі уақытта өндіріс орнының қуаттылығы күніне 1000 литр су шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ, шыны ыдысқа су құюға арналған арнайы жабдықпен қамтамасыз етілген. Мұнымен қатар, алдағы уақытта мұнда шайдың да бірнеше түрі өндірілмек.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту негізгі басымдыққа ие. Бұл – тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер.Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 6- айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты.Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны 2990 млн. теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды.
Қолданыстан шыққан ескі ғимараттарды бұзу жайы да қозғалды. Айтылған барлық мәселе қағазға түсіп, тапсырма-жоспарға енгізілді. Ұсыныстар назарға алынып, заңдылығын қарау үшін мамандарға тапсырма берілді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін».
Жалпы жобаның мақсаты - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл дегеніміз тұрғындарымыз өз ауласын абаттандыруға, балалар ойын алаңшаларын жаңалауға, жалпы қала аумағын дамыту, жақсарту жөніндегі ұсыныстарын береді және ол басқа тұрғындар тарапынан қолдау тауып, жоғары дауыс жинаса, мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, іске асырылады.
Түркістан қаласында сарқынды су желісі – 127,25 км, оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48.2 км құрайды.
Түркістан қаласында – 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты /КОС/ жұмыс істейді. Оның қуаттылығы 20000 м³/тәул. Қалада – 38220 абоненттің 12297 ішінде 17 КНС пен КОС 2014 жылы іске қосылған.
Қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 15 жоба іске асырылуда.
Қазіргі таңда, 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде 3 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылады, 6 нысан республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде.