Түркістан облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін «Kcell» АҚ Басқарма төрағасымен кездесті. Тараптар Түркістан облысында ұялы байланысты дамытуды талқылады. Облыс әкімі, басымдық облыс орталығы мен ауылды жерлерге берілетінін айтты. Республикалық тасжолдардағы және шекаралас аймақтардағы ұялы байланысты күшейтуге күш салу туралы да айтылды.
- Бүгінгі таңда сапалы интернет – халықтың негізгі қажеттіліктерінің бірі. Бұл мәселе халықпен кездесуде жиі көтеріледі. Интернеттің жылдамдығы мен сапасына халықтың шағымы көп. Аудандар арасындағы республикалық маңызы бар жолдардың өзінде байланыс нашар. Тұрғындарымыз тарифтердің ақысын толығымен төлеп отыр. Сондықтан сапалы қызметті талап етуі орынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұялы байланыспен қамту мәселесіне, елдің шалғай ауылдарын интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер қойды. 1-ші қыркүйектегі халыққа Жолдауында Президентіміз Қазақстанды IT-мемлекетке айналдыруды тапсырды. Бұл біздің өңір үшін өте маңызды мәселе. Өйткені облыс тұрғындарының 80 пайызы, яғни 1,6 миллион адам ауылда тұрады. Ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларының бірқатар мәселелерін шешу интернетпен тікелей байланысты. Ал облыстың 62 ауылында байланыс мүлдем жоқ, 116 ауылдық елді мекен интернет желісімен қамтылмаған. Ауылдарды сапалы байланыспен қамту үшін біз, өз тарапымыздан, байланыс операторларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайынбыз,- деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
«Кселл» тарапынан келісілген Жол картаға сәйкес, облыстағы 140 елді мекенде жаңа базалық станция орнату, 78 елдімекеннің базалық станцияларын жаңғырту жоспарлануда. Облыс әкімі
«Kcell» АҚ Басқарма төрағасының бұл жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуын бақылауға алуын атап өтті.
- Түркістан облысы біз үшін өте маңызды өңір. Бізді таңдаған қолданушылар бойынша ең көп аймақта еліміз бойынша алғаш рет 5G желісіне қосылған болатын. Біз базалық станция құру жұмыстарын күшейтеміз. Ауылдарды бірден 4G желісіне қосу көзделген. Ол үшін заманауи жабдықтар жеткілікті. Бүгінде жұмысты күшейтіп, келер жылы Түркістан облысында 300-ге жуық базалық станция құрылады. Бұл жұмыстардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асуына кепіл беремін, - деді «Kcell» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.
Қазіргі уақытта ТОБЖ тартылған 82 АЕМ 6736 тұрғын үй және 30 мың тұрғын қамтылған. Жоспар: 2023 жылы инвесторларды тарту жолы арқылы 10 мың тұрғын үйді қосу. Сондай-ақ, 5G желісін енгізу жоспары қолға алынбақ. Түркістан қаласының бүкіл тарихи әрі маңызды орталығын қамтитын 9 сыртқы 5G базалық станциялары орнатылды. Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласы әуе жайы, «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда бесінші буынды 5G мобильді интернеті іске қосылған.
Әлемдік сарапшылар 5G технологиясы өмірге енгеннен бастап керемет мүмкіндіктер мен жаңалықтар алып келгендігін айтады. Тіпті ірі телефон компаниялары 5G интернетін бірден қолданысқа енгізіп үлгерді. Бұл жүйенің артықшылығы – 4G-ден мың есеге дейін жылдамырақ. Мәселен, қолданушы толық метражды фильмді ап-анық күйінде бірнеше секундта-ақ жүктей алады. Сондай-ақ, цифрланған заманауи бизнеске жаңа айналым алып келе алатынымен ерекшеленеді. Тізбектей берсек, жаңа мобильді жүйе барлық салаға оң ықпал ете алатын болып тұр. Осы мүмкіндікті ескерді ме, 2021 жылы Түркістан еліміздегі 5G желісіне қосылған санаулы қалалардың біріне айналды. Алайда, іске қосылғанына екі жыл асса да жоғарыда аталған «керемет өзгерістер» рухани шаһардың интернет қолданысына анау айтқандай өзгеріс әкелмеді. Себебі қаланың өзінде байланыс желісі нашар аймақтар бар.
Еске салар болсақ, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай үйлестірілген ауқымды жобаны «Kcell» және «Ericsson» компаниясы бірлесе жүзеге асырған болатын. «KUN» қонақ үйінде аталған жүйенің базалық станциясын орнату рәсімі өтіп, арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылған болатын.
5G желісін іске қосу үшін Түркістан қаласы кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл цифрландыру мен цифрлық трансформацияның алдыңғы қатарында тұрған аймақ. Бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының арқасында бұл жоба сәтті аяқталды. Осы ретте облыс әкімі Өмірзақ Естайұлына, «Kcell» және «Ericsson» компанияларына алғысымды айтқым келеді. Жобаны жүзеге асыруға қолдау білдірді. Нәтижесінде Түркістан Қазақстан бойынша қалалық ауқымда 5G жүйесіне қосылған алғашқы шаһар атанып отыр.
5G жүйесі «ақылды қала» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл дегеніңіз тек жоғары жылдамдықты ғаламтор емес, дамудың жаңа сатысы деген сөз. Осы жүйе арқылы облыстың денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы және өнеркәсібіне жоғары технологияларды енгізуге болады. Аталған өзгерістер Түркістан облысының дамуына серпін береді.
Ал «Kcell» АҚ бас атқарушы директоры Юрий Харламов бүгінде Түркістан қаласының бүкіл тарихи әрі маңызды орталығын қамтитын 8 сыртқы станция дайындалып, толық жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, қала әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы және өзге нысандар жүйеге енгізілген. Алдағы уақыт әуежай, «Kcell» абоненттік бөлімі, «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда 5G жүйесін орнату жоспарланған.
Кездесу қорытындысымен Түркістан облысында ұялы байланысты дамыту бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы
меморандумға қол қойылды.
Бүгінде сапалы интернет дүйім жұрттың маңызды мәселесіне айналып отыр. Әсіресе кейбір ауылды аймақтарда кең жолақты интернет жүйесі атымен ұстамайды. Алайда ауылшаруашылығы мол білімді, көп күш жігерді талап ететінін мойындау керек. Интернет жүйесі қолжетімді болған жерде адамдардың көзі ашық көкірегі ояу. Қоғамның дамуы мен ел экономикасы жөнді жолға қойылуы үшін кең жолақты сапалы интернет болуы маңызды. Бүгінгі таңда сапалы интернет көзі білімнің кілтіне айналғандай. Онлайн-оқу, телемедицина, eGov, zoom, Smart TV деген заманауи қызмет түрлері «Қазақтелекомның» жоғары жылдамдықты интернеті келгелі ауыл тұрғындары үшін өмірінің бір бөлігіне айнала бастады. Елімізде індет ауруы жайлаған кезеңдерде онлайн оқу жүйесі қолға алынған болатын. Міне сол кезеңдер көптеген адамдардың жүйкесін тоздырғаны хақ. Осы кең жолақты интернет жүцесі бойынша Түркістан облысында цифрландыру бағытында түрлі жобалар жүзеге асып келеді. Сонымен қатар облыс аумағында жалпы 831 елді мекен бар екендігі анықталды.
Аталған 62 АЕМ-нің 43 АЕМ Министрлік қойған критерийлерде халық саны 250 астам болуы қажет деп көрсетілген. Халық санының сәйкес келмеуіне байланысты ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартуда. Қалған 19 АЕМ алдағы жылдарға ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне енгізу пысықталуда. Жалпы Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін, бірақ техникалық мүмкіндігі жоқ 134 АЕМ бар. Қазіргі уақытта осы елді мекендерді сапалы интернетпен қамту мақсатында салалық министрлікпен және Түркістан облысы әкімдігі арасында жол картасын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Күтілетін нәтиже 2023-2027 жылдар арасында облыс тұрғындарын сапалы интернетпен қамту деңгейі 99,8% жетеді. Қалған 0,16% құрайтын 3403 тұрғыны бар халық саны 250-ден кем 43 АЕМ-ге тиесілі.
Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша 3G стандартын қолдайтын 437 АЕМ-нің (халық саны 1 015 047) базалық станцияларын 2023-2029 жылдар аралығында 4G стандартына модернизациялау жоспарлануда. Қазіргі таңда орталық атқарушы органдармен «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы 2023-2027 жылдар аралығына әзірленуде. Облыс бойынша негізгі іс-шаралар жоспары айқындалды. Олар: Талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы (бұдан әрі-ТОБЖ) АЕМ-де қолжетімділікпен қамту. Іске асыру мерзімі: 2027 жыл. Қазіргі уақытта облыс бойынша 376 АЕМ-де 855 мемлекеттік мекеме ТОБЖ қамтылған. Қосымша, Ұлттық жобаға 389 АЕМ-де 758 мемлекеттік мекеме ұсынылды Министрлікпен айқындалған критерийлерге сәйкес кемінде екі әлеуметтік нысан болуы қажет. Республикалық және негізгі облыстық жолдарды 4G технологиялары мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету, және бұл жобаның іске асу мерзімі 2027 жыл болып табылады.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «КСЕЛЛ» БАСШЫСЫМЕН БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
