ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ДАМУЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ДАМУЫ

Түркістан қаласында тұрғындар жайлылығы үшін жасақталған балалар ойын алаңшасының жалпы саны - 70-ке жуықтады.
Өткен жылдың қорытындысымен шаһар 10 балалар ойын алаңшасы және стридворкаудпен толыққан болатын.
Биыл жылға 15 нысанда балалар ойын алаңшасын стридворкауд және футбол алаңшасымен бірге жасақтау қарастырылса, қазіргі таңда нақты 10 нысанның құрылысы қарқын алды.
Бүгінде аталған жоба аясында жүйелі құрылыс жұмыстары жүруде.
Атап айтқанда, А. Байқоңыр, Самал, Қобыз көшелерінде балалар ойын алаңшасы мен стридворкауд жасақталып, жанына футбол алаңшасы да салынды.
Сонымен қатар, Ы. Дүйсенбаев, Құлан, Б. Майлин, Д.Нысанбаев көшелері мен №8 мектебі аумағынан ойын алаңшалары мен стридворкаудтар бой көтерді.
Одан бөлек, тұрғындар сұранысына сәйкес, №9 Некрасов, №16, №26,№24 мектептері және С.Рахимов мектебі аумағында футбол алаңшасының белгіленіп, құрылыс жұмыстарының 80% жүзеге асып үлгерді.
Жалпы, қала аумағындағы алаңшалар тұрақты түрде зерделеніп отырады. Нысандарға жауапты мердігер бір жылдық кепілдік береді.
Бір жылдан соң, зақымдалған балалар ойын алаңшасы немесе стридворкаудтар әкімдік тарапынан қайта қалпына келтіріледі.
Соңғы зерделеу нәтижесінде жөндеуді қажет ететін бірнеше алаңша анықталған болатын.
Атап айтқанда, 2019 жылы қабылданған Жәңгір хан көшесіндегі алаңша, Т.Рысқұлов, Қорқыт ата, Гауһар ана, Б.Майлин көшелері мен Шәуілдір тас жолы аумағында және І-ІІ мөлтек аудандары ауласында жасақталған 4 балалар ойын алаңшалары мен спорт ойын алаңшалары бөлім тарапынан жөнделіп, жаңартылуда.
Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 КӨШЕ бар.
2018 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 23,5 пайызды құрайтын немесе 199 шақырым жолдар асфальтталған болатын.
Биылғы меже - бұл көрсеткішті 47,2 пайызға жеткізу, яғни асфальтталаған жолдардың ұзындығы 399,3 шақырымға жетеді.
Тас төселген жолдардың үлесі соңғы 5 жылда
31 пайыздан 59 пайызға дейін жетіп, 502 шақырымды құрады.
2018 жылы сапалы АУЫЗ СУМЕН тұрғындардың 94,1 пайызы қамтылған болатын, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 4,8 пайызға артып 98,9 пайызды құрады.
Қала аумағында 4 нысанның құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.
Нәтижесінде, тұрғындардың 99,5 пайызы таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Еске аларлық, Түркістанда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының барлық қосалқы аймақтарының аумағында 340 млрд. теңгеге 64 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Әкімшілік іскерлік орталығының аумағында 313 млрд. теңгеге 50 жоба және Тарихи орталық қосалқы аймағында 22,6 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар шеңберінде 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Бұл туралы шілде айында Түркістан қаласы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеген болатын.
Өңір басшысы атап өткендей, индустриалды аймақта 18 инвестициялық жоба іске асырылған. Қазіргі уақытта қосымша 10 жобаның іске асырылуы пысықталуда. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда тартылған инвестициялардың көлемі 16 млрд. теңгеге жетеді, 1,3 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның...

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы...