Түркістан қаласының негізгі аумағында көпқабатты 129 үй орналасқан: Бекзат секторында – 11, Сауран секторында – 81, Шауғар секторында – 19, Яссы секторында - 18.
2012-2022 жылдар аралығында олардың 101-і жөндеуден өткен. Биыл 24 үйде жөндеу жұмыстары жүзеге асуда.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков мердігер мекемелерге құрылыстың барысы мен сапасына қатысты бірқатар ескерту жасап, жауапты бөлім басшысына жұмыстардың құжатқа сәйкес атқарылуын қадағалауды тапсырды. Техникалық қадағалаушы мекеменің өкілдері құрылысқа қатысты есептерін баяндап, жұмыстың өндірістік кестеге сай атқарылып келетінін жеткізді.
Жоспарға сәйкес, нысандарды қазан айының соңына дейін тапсыру көзделген.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады.
Қаламызда І және ІІ-ші мөлтекауданда 75, Отырар мөлтек ауданында 49 және Әкімшілік-іскерлік орталығында 98, жалпы көпқабатты 222 тұрғын үй орталық жылу қуатымен қамтамасыз етілген.
Жылу мекемесі Орталық қазандық, Отырар мөлтекауданында, Рухани-мәдени орталық және Әкімшілік-іскерлік орталықтарында 14 модульды қазандық блоктарымен жұмыс істейді, 2023–2024 жылғы жылу беру маусымына қосымша тағы 3 модульды қазандық блоктары іске қосылады.
Жылу беру маусымында кәсіпорын толығымен табиғи газ отын түрін пайдаланады. Табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісім-шарт түзілген.
Мекеме басшысы Ергазы Рысбеков орталық жылу трассасының жылыту маусымына толық дайын екенін баяндады.
Нұрбол Әбдісаттарұлы “Мүлік иелерінің бірлестігі” (МИБ) және “Жай серіктестік” (ЖС) төрағаларына көпқабатты үйдегі ішкі жылу құбырларын дайындау жөнінде ескертуді тапсырды.
Еске аларлық, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы ең биік екі нысанның құрылыс барысымен танысқан болатын. Өңір басшысы алдымен паркингі бар 20 қабатты тұрғын үйде болды.
Аталған үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Жалпы құрылыстың ауданы – 7461,15 шаршы метр. Үйдің құрылысы тамыз айында аяқталады деп көзделген. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 80%-ға аяқталған. Сыртқы фасад –100%, ішкі әрлеу жұмыстары – 30%, инженерлік желілер – 100%, монолит жұмыстары толығымен аяқталған. Материалдар 100 пайыз жеткілікті.
Дархан Сатыбалды одан кейін әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысын көрді. Жалпы құрылыстың ауданы – 14 127,75 шаршы метр. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 70%-ға аяқталған, инженерлік желілерді тарту – 80%-ға аяқталған. Техникалық қабатта монолиттік және 19 қабатта қабырғаларды қалау жұмыстары жүргізілуде.