Мемлекет басшысы – Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменттің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының аудандық бөлімінің халыққа қызмет көрсету орталығында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдердің жауапты мамандарының қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, дипломмен ауылға, жол, тұрғын үй, спорт, әлеуметтік, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы салалары тағы да басқа мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауапты бөлім мамандары тарапынан тиісті жауаптар берілді.