Қазіргі таңда Бозарық индустриялық аймағында инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Бүгінде бас мердігер мекеме аймақтың ауыз су және кәріз жүйелерін тартуда. Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс барысын қадағалап, жауаптыларға кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бағытында арнайы тапсырмалар жүктеді.
Бүгінде ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар көлемі 85%-дан асса, электр және табиғи газ желілері бойынша орындалған жұмыстар 68% -ды құрады. Жоба бойынша аймаққа 10,9 шақырым табиғи газ желісін тарту көзделген. Қазір ішкі және сыртқы автомобиль жолдарын салу жұмыстарының тең жартысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалер әзірленуде. Индустриалды аймақты сапалы инфрқұрылыммен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.
Сонымен қатар, құны 1,5 млрд. теңге тұратын консервіленген ет өндірісі бар. Мұнан өзге косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарын өндіретін зауыт, кондитерлік өнімдер өндіру, түрік шұжықтарын өндіру, нан үгіндісін өндіру, сүт өнімдерінің өндірісі, құрама жем өндіру жобасы бар. Сондай-ақ, сұйық май өндірісі, макарон өндіру, етті қайта өңдеу.
Ал, өндірісті «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағы аумағына орналастыру кезінде инвесторға жалдау шартымен инфрақұрылымы жүргізілген дайын жер телімі беріледі.
Индустриялық аймақтың қатысу үшін «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның Шымкент қаласындағы Филиалы индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясынан қажетті құжаттардың тізбесін тапсырып, өтінім жазу керек. Басқарушы компания қажетті құжаттар тізбесін 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Сонымен бірге компания қажетті құжаттардың тізбесін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 1 жұмыс күні ішінде жібереді. Ал комиссия болып табылатын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.