АБАЙ АУДАНЫНДА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АБАЙ АУДАНЫНДА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Бүгінде Игілік шағын ауданындағы ұзындығы 650 метр құрайтын топырақ 5 көшеге шағал тас төселді.
Аталған жұмыстар барысы әкімдік тарапынан тұрақты қадағалауда.
Аудан бойынша 1-ші кезеңде 16 шақырым көшеге шағал тас төсеу жоспарланған.
Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар аудандағы Нұршуақ, Қайнарбұлақ, Самал-3, Достық, Бозарық, Алтынтөбе елді мекендерінде де жалғасын табатын болады.
Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 6 801 жеке секторлы үй, 2 мектеп, 3 балабақша және 3 спорт алаңшасы орналасқан.
Самал-3 шағын ауданында 63 көшенің қазір 30-ы асфальтталған, 30-ына шағал тас төселген болса, үшеуі топырақ жол. Айта кетейік, 2025 жылға қарай шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Мәселен, өткен 2022 жылы Б.Момышұлы көшесінің жалғасы 1,2,3,4, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын көшелері жөнделген. Биыл 15 көше жөнделеді деп күтілуде, сондықтан көрсеткіш 49 пайызды қамтиды.
Ал 2024 жылы 8 көше, 2025 жылы 10 көше жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға қамтылған болып саналады.
Сонымен қатар биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ.
Жалпы Самал-3 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған.
Биыл жалпы қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ