ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ МЕНШІГІНЕ БЕРІЛДІ

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ МЕНШІГІНЕ БЕРІЛДІ

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығының ғимараты қалалық балалар клиникалық ауруханасының қарамағына берілді. 200 орындық ғимарат пациенттердің ем алуына өте қолайлы, барлық жағдайлары жасалған, талапқа сай заманауи вентиляция жүйесімен қамтамасыз етілген.
Қалада 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана мен жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысын жүргізіп, 6 медициналық орталық ашу жоспарлануда.
Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа медициналық орталық ашылды. Соңғы 4 жылда 12 жеке медициналық орталық пайдалануға беріліп, қаладағы мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды.
5 мамыр күні №1 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады.
Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов «Асар» шағын ауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында болып, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Балалар ауруханасы жаңа туылған сәбиден бастап 18-жасқа дейінгі балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін жалғыз көпсалалы аурухана. Аурухана базасында қажеттілік туындауына байланысты 2020 жылдан бастап жаңа профильдер яғни нейрохирургия, онкогематология, нефрология, урология, оториноларингология, эндокринология гастроэнтерология, бет-жақ хирургиясы, интервенция кардиологиясы, неонатальды хирургиясы ашылып қаланың барлық педиатриялық қызметі осында орталықтандырылды. Осыған байланысты жаңа ғимаратты қосқанда төсек орны 495-ке ұлғайды.
Бүгінгі күні мұнда соматикалық профиль төсектері қайта орналастырылып, ерте жастағы балалар үшін яғни 1 жасқа дейінгі науқастар емделетін және де ересек жастағы 1-18 жастағы науқастар үшін арнайы бөлек пульмонология бөлімшесі ашылды. Сондай-ақ неврология бөлімінің төсек орын қоры 40- тан 55-ке кеңейіп, эндокринология, педиатрия, аллергология, гастроэнерология бейіндері орналастырылды. Қазір аурухананың 2 ғимаратында қабылдау бөлімі, 6- төсектік жансақтау бөлімі, зертхана, сәулелі диагностикалық бөлімі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы...

Ішкі істер министрлігінен Түркістанға арнайы келген Сәкен Сәрсенов департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен жедел кеңес өткізді. Жиында 2024...