ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНА ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІ ТАРТЫЛУДА

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНА ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІ ТАРТЫЛУДА

Бүгінде қаладағы шалғай елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Биыл сәуір айында қалалық цифрландыру басқармасы 4 инвестормен меморандум жасасып, жыл соыңна дейін 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жүргізді.
Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр қалада 14 елді мекен талшықты-оптика желісімен қамтылса, биыл бұл жүйені 20 елді мекенге тарту жоспарлануда.
Шымкент қаласындағы шалғай орналасқан елдімекен тұрғындарын сапалы интернетке қосу мақсатында инвесторлар тартылды.
Одан бөлек Абай ауданы аумағындағы 14 мекенжайда балалар алаңшасы және 3 шағынауданда спорт алаңшасы орнатылуда.
Айта кетсек, Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Жалпы шағын аудан 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған, сондай-ақ биыд 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 ,Самал 1, Самал2, 112, кіші Самал, Тассай тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар басталып кетті.
Тиісті басқарма жеке инвесторлармен бірлесе жуырда Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабын талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтыды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар. Сонымен қатар, биыл қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, қазір осы бағытта тиісті шаралар атқарылуда. Базалық станция орнату үшін қала аумағында бос жер телімдері белгіленген.
Сонымен қатар биылғы жылы Кәдесый, Шерғала, Қорғанкөл, Ұшан, Жаңатілек көшелерімен бірге №54 мектепке баратын жол жарықтандырылады. Келесі жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан талшықты интернет оптикамен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, шағын ауданда №55, 12, 138, 55 А бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Жалпы Ынтымақ елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

БАӘ, Абу Даби Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабиге жұмыс сапары аясында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ...