Қазір Тұран шағын ауданын ішкі орам кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов нысандағы үшінші кезектің жұмыстарымен танысып, құрылыс қарқынын қадағалады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін жобада қарастырылған 50,3 шақырым кәріз құбырының 41 шақырымы аяқталып, жұмыстар 82% орындалған.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ жұмыстарды өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқтап, нысанды қолданысқа беру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, қаладағы 81 шағын ауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізілуде.
Осыған дейін жұмыстардың 80% аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекема тарапынан жұмыстар қарқынды жүруде.
Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % -дан 65 % -ға артады.
Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % - дан 65 % - ға артатын болады.