Соңғы жылдары мегаполис аумағы кеңейіп, миграциялық және демографиялық өсім артып келеді. Бұл өз кезегінде білім ошақтарына деген сұранысты көбейтіп отыр. Қалада жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушы саны соңғы екі жылда 23 мыңға артқан.
Қажеттіліктер ескеріліп, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 37 700 орындық 25 мектептің құрылысы қарастырылған. Жобаға сәйкес жыл соңына дейін 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы бекітілген. Алдағы жылы 20 400 орындық 13 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.
Бүгін қала әкімі М. Әйтенов ұлттық жоба аясында Нұршуақ елдімекенінде салынып жатқан 2 мың орындық мектептің жобасымен танысып, жұмыс барысын тексерді. Қазір білім ғимаратын салуға елдімекен аумағынан 4, 2 гектар жер телімі бөлініп, құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес заманауи талапқа сай бой көтеретін білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі.
Құрылысы 2024 жылы аяқталатын 11 жайлы мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жобалаушы мекеме тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама қорытындысы қараша айына дейін әзірленеді.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің инженерлік-коммуникациялық желілерін талапқа сай жүргізіп, ғимараттардың кескін-келбетін мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай жабдықтау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Бүгінде Абай ауданы бойынша мектептер саны – 29, жеке меншік 16 мектеп бар. Ал білім ордасына тапшылық -7 болса, мектеп жоқ 2 елді мекен бар. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.
Атап айтқанда.
1.Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
3. Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп.
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.
6. Достық ш.а 2000 орындық мектеп салу.
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу.
9. Шымкент Сити ш.а 2000 орындық мектеп.
10. Қайнарбұлақ ш/а Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.