Шымкент қалалық Еңбекші ауданына қарасты №11 шағын ауданы аумағында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүріп жатқан көпқабатты үй аулаларын қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігер мекеме өкілдері, сондай-ақ техникалық қадағалаушы мамандармен бірге аралады.
Мұрат Дүйсенбекұлы аталған аумақтағы құрылыс жұмыстарының үлгеру процесі мен сапасын бақылады. Биыл №11 шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй аулаларына 4 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Қазір 2 алаңша аяқталу сатысында. Жалпы 2023 жылы Еңбекші ауданы бойынша 29 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 7 кешенді балалар ойын және ашық спорт алаңшасы орнатылатын болады.
Қала әкімінің 2020-2023 жылдарға бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес 262 аула көріктендіріліп, 40 спорт алаңшасы салынды. Биылғы жоспарға сәйкес 39 аула мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылады. Алдағы жылы 41 балалар ойын алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аудан бойынша көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру 2025 жылы толық аяқталады.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып тұрғындар пайдалануына берілді.
2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады.
2024 жылдан бастап бұрыңғы 7-8 жыл қолданыста болған және ескірген 101 аулаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, элементтерін жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, Исмаилова көшесі №24 үй және Арғымақ елдімекеніндегі балалар ойың алаңшалары да балалар үшін қолдану игілігіне берілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.