БАДАМ-1, ҚАРАТӨБЕ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

БАДАМ-1, ҚАРАТӨБЕ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Биыл қаланың даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында орталықтан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жөндеуге басымдық берілуде. Қазір шалғай елдімекендердегі көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қарқын алды.
Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге Бадам-1, Қаратөбе тұрғын алаптарында болып, ондағы көшелердің жөндеу жұмыстарын тексерді.
Бадам-1 тұрғын алабының жалпы аумағы 22,2 шақырымды құрайды, оның 20,7 шақырымы асфальт жол. Қазір Баян батыр, Бірлік, Атауы жоқ №1, Бесшатыр, Ирисбеков
көшесінің атауы жоқ тұйықтары және атауы жоқ №1,2,3,4,5 көшелері де орташа жөндеуден өтуде. Жоба бойынша бұл көшелерге 3,3 шақырым асфальт төселеді.
Жалпы, жыл соңына дейін елдімекендегі 4,6 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал Набережная көшесінің тұйықтарын орташа жөндеуден өткізу 2025 жылға жоспарлануда.
Қаратөбе тұрғын алабының жалпы аумағы 22,7 шақырымды құрайды, оның 20,6 шақырымы асфальт жол. М.Дүйсенбекұлы 1,2 шақырымдық Домбыралы көшесінің жол құрылыс жұмыстарын қадағалады. Жалпы, биыл бұл аумақта 3 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Құрылыс енді Гүлабад, Бахриз Рамиз, Қапал батыр №1, 2, 3, 4 көшелерге, және тұйықтарға жүргізіледі. Ал Ризақ палуан, Жаңақұрылыс көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарлануда.
Қала әкімі мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жол құрылысын сапалы атқаруды ескертті. Сондай-ақ жұмыстарды үлестіре отырып, нысандарды мерзімінде қолданысқа беруде нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер маңын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін аула ішіндегі көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта кестеге сәйкес абаттандыру жұмысы:
- Желтоқсан көшесі №4,6;
- Бейбітшілік көшесі №20,22;
- Мангелдин көшесі №40;
- Отырар ш/а, 15/1;
- Байтұрсынов көшесі №59А;
- Жандосов көшесі №2 көп қабатты тұрғын үй ауласында жүзеге асырылып, аула ішілік көшелер ретке келтірілді және асфальтталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...