ҚЫЗЫЛСАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ТЕМІРЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛСАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ТЕМІРЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабының тұрғындары қала басшысымен кездесулерде көптен бері жол мәселесін көтеріп келген. Нәтижесінде қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жүргізілуде.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қызылсай тұрғын алабындағы жол құрылысына барып, мұндағы жұмыстың жай-күйімен танысты.
Бүгінде салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, жер жұмыстары және инженерлік желілерді қайта орнату іске асырылуда.
“Қала орталығына бару үшін бұрын айналып өтетін жолмен жүретінбіз. Ауа-райы қолайсыз мезгілдерде жедел жәрдемнің қатынауы өте қиын. Тұрғын алабымыздың осы жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кірісті. Міне, шаруа қарқынды жүріп жатыр.
Біз үшін бұл өте қуанышты жаңалық,”– дейді тұрғындар.
Теміржол асты өткелінің құрылысы аяқталған соң, тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қалаға тиімді қатынауына және қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында азық-түлік, көкөніс және тағы басқа тұрмыстық тауар өнімдерін сақтайтын ірі Сауда логистикалық орталығы 228 гектар аумақты алып жатыр. Қазір мұнда үш жоба жүзеге асырылған, яғни «Continental logistics Shymkent», «Kazakhstan Logistic group», «Зерде» компанияларының тұтынушылық өнімдерін сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр.
Ал жаңадан қолға алынған 6 жоба алдағы күндері логистикалық орталықтың тасымалдау бөлшегіне айналмақ.
Соның бірі «Euro Tranzit Service Management» көкөніс сақтау қоймасы. Құны 5 миллиард теңге тұратын жобаның құрылысы биыл басталып, қазір қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба жоғары...

2024 жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін 50 671 адам қатысып 89% орындалып отыр....

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...