Шымкент қаласында шиналар және құрамында резеңке бар қалдықтарды кәдеге жаратып, қайта өңдейтін «ЭКО Шина» компаниясы еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі. Кәсіпорын 2009 жылдың 1 қазанында тіркелген, негізгі қызметі пайдаланылған шиналарды жинау және өңдеу және резеңке бұйымдарын өндіру.
Өзінің шикізатын пайдалана отырып, «ЭКО Шина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі резеңке еден жабындарын шығарумен айналысады. Резеңке жабыны - заманауи құрылыста өз орнын берік алған және ашық және жабық спорттық және аулалық ойын алаңдары үшін ең қолайлы заманауи, ыңғайлы жабын.
«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан көмір брикеттерін өндіруге арналған құрал-жабдықтарды алуға жылына 21,75%-бен қаражат алды, ал оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.
Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілзаттың жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді, ал қалған 8% кәсіпкер төлейді.
Қалдықтарды басқару саласында жұмыс істей отырып, кәсіпорын істен шыққан шиналарды жойып, аймақтың экологиялық қауіпсіздігі мәселесін шешеді, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде қайталама шикізатты пайдалану арқылы ресурстарды үнемдеу бағытын дамытады.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында биылғы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындар іске қосылады. Қазір «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы арқылы сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 6 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жыл сайын өнімдердің қуаттылығы артты.