ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ АБАЙ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ АБАЙ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұлы данышпан, кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Қоғам белсенділері мен қала тұрғындары алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Абай күніне орай ойшыл ақын, саяси қайраткер және еліміздің тарихында өшпес із қалдырған Абай атамыздың өлеңдерін жас ұрпақ жарыса айтып, әндерін жырға қосты.
Жиналған қауым ақынның шығармаларынан жарыса үзінділер оқыды. Қонақтар сондай ақ, «Абай – адамзаттың мәңгілік рухы» атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.
Мерекеге орай, жас оқырмандар арасындағы «Абай әлемі» атты байқау қорытындыланды. Ал, қалалық жасөспірімдер кітапханасы кішкентай оқырмандарға арнайы Абай танымын терең толғау мақсатында сырлы саяхат ұйымдастырды.
Атап өтейік, Ұлы Абай күні мерекесі кешке дейін жалғасады. Бүгін кешкі сағат 19.00 – 19.30 Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Желсіз түнде жарық ай» әдеби-музыкалық толғауын тамашалауға шақырамыз.
Айта кететін, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 21 мекеме бар. Оның ішінде 6 театр, 6 кітапхана, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы, «Шымкент-цирк», «Шым қала» тарихи-мәдени кешені, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Көрме орталығы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі, Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы, Шымкент қалалық мемлекеттік архиві бар. Мұндағы әрбір ұйымның ұлт мәдениетін дәріптеп, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беруде өзіндік миссиясы қалыптасқан.
Халық шығармашылығын дамытып, аймақтағы жас таланттарды танытып, халыққа рухани байлық «Шымкент қалалық мәдениет үйі» қомақты үлес қосып отыр. Ал, өскелең ұрпаққа тарихи-мәдени құндылықтарды жеткізіп, насихаттау жолында қызмет етіп келе жатқан «Шым қала» тарихи-мәдени кешені, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінінің алар орны ерекше. Сонымен қатар, отандық және әлемдік мәдениет пен өнердің үлгі өнегесін, Шымкент қаласының мәдени мұрасын насихаттауда «Көрме» орталығы игі бастамалардың ұйытқысына айналған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп...

Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын...