ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді. Түркістанда кәріз жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі М.Әбенова көшесіндегі кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда мұнда қолданыстағы пластик кәріз құбыры толықтай есептелген қуаттылығымен жұмыс істеуде.
Бастапқы жобадан бөлек жүргізілген коттедждер, «Керуен сарай» тұрғын үй кешені, мешіт нысандары іске қосылған соң жүйе арқылы өтетін сарқынды су мөлшері ұлғайған. Соның салдарынан кәріз толып, тұтынушылардың наразылығын туындатқан.
Артық суды жаңа жоба бойынша салынатын темірбетон құбырмен өткізу арқылы мәдени орталықтағы кәріз жүйесіндегі орын алған мәселе шешімін табады. Темірбетон құбырды 1,6 шақырымға жүргізу көзделген.
«Яссы» мөлтек ауданындағы Ыждыхат тұрғын алабын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының І кезеңі бойынша 76 шақырымға құбыр жүргізілген. Кезекті аралау барысында облыс әкіміне ІІ кезең жобасы ұсынылды.
Құрылыс алаңы 63 шақырымға жоспарланып, нақты 43,6 шақырымы орындалған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 7480 тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылады деп күтілуде. Жобаны тапсыру 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Қала аумағында орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% не 12 мыңнан астам абонент қамтылған. Қуаттылығы тәулігіне 20 000 М3 сарқынды су тазарту имараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4 500-5 000 М3, 27 дана КНС, 127 шақырым сарқынды су құбырлары қолданыста.
2023 жылға өтпелі жалпы 7 нысанның құрылысы жүргізілуде. Биыл кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 36,3 %-ға жетеді деп күтілуде. 5 нысан (20 244 абонент) бойынша құжаттар қаржыландыруға ұсынылған. 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 95 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші негізінде ағымдағы жылы қала аумағында 15 жерге спорт және балалар ойын алаңшасын және 10 жерге тек ойын алаңшасын салуға бюджеттен қаржы қаралып, мердігермен келісім шарт түзілген. И.Байзақ көшесінде ойын алаңшасын салу бойынша ұсыныс түскен, алайда көше бойында бос жер телімі болмағандықтан Яссы тұрғын алабындағы №24 мектепке ойын алаңшасы салынды, Көккөл көшесіне де алаңша салу жоспарлануда. Айта кетерлігі 2022 жылы Яссы тұрғын алабына қарасты Аралбай, Саққорған көшелерінде ойын алаңшаларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. С.Болыс көшесіне ойын алаңшасын салуға орны бекітіліп, құрылысын бастау тамыз айына жоспарланды.
Осы және өзге де атқарылған жұмыстар жөнінде қала әкіміне сала жетекшісі баяндап, есеп берді.
Тұран мөлтек ауданындағы гидрант жүйесінде анықталған кемшіліктер мердігерге ескертіліп, қайта қалпына келтіру үшін мерзім берілегенін де тілге тиек етті.
Сатарханов көшесі мен Қазыбек би көшелерінің аралығындағы жүргізілген гидрантты жүйелер су қабылдауға әзір. «Арыс-Түркістан» каналынан су келгенше қазіргі таңда бекітілген кестеге сәйкес көшелердегі көшеттер мен көгалдарды суаруға арнайы техникалар жұмылдырылуда.
Сондай-ақ, қала аумағындағы жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 1500 абонентке жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде.
Тұрғындар «Руханият» саябағындағы жасыл желектің қурауына алаңдаушылық білдірген. Әкімнің салаға жауапты орынбасарының мәлімдеуінше, мұндағы абаттандыру жұмыстары мемлекеттік қабылдаудан өтпеген. Сәуір-мамыр айларындағы түгендеу жұмыстары барысында анықталған қураған ағаш көшеттерінің орнына мердігер күзгі маусымда қайта тал егетінін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың...

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асыру шаралары жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың...

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелері қаралды....