Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бүгін Таңатар ауылында Алғабас ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Биылғы жылы Алғабас ауылдық округі тұрғындарымен өткен екі кездесуде округке қарасты 3 елді мекеннің тұрғындары аудан әкіміне бірқатар мәселелерді жеткізген болатын.
Аталған мәселелер бойынша Тұрмыс-1 мектебінің жылу жүйесі қалпына келтіріліп, жұмыстар толық орындалды. Қазата елді мекенінен арнайы белгіленген орынға талапқа сай беккери шұңқыры қазылып пайдалануға берілді. Шақпақ елді мекеніне интернет (вайфай) желісімен (16 үйге) қамту мәселесі бойынша сұраныс хат жолданып, осы айдың соңына дейін радиомост жабдығы арқылы вайфай желісін қосу, Таңатар елді мекенінің мобильді интернет желісін жақсарту (қуаттылығын көтеру) жұмыстары бойынша «Кселл» АҚ жыл соңына дейін аяқтап іске қосуды жоспарлауда. Қазата елді мекеніндегі Бозарық каналына тоспа (шлюз) орнату бойынша қазіргі таңда меншік иесі жоқ. Сондықтан әуелі құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Меншікке алынғаннан кейін қаржы қарастырылып тоспа (шлюз) орнату жұмыстары жүретін болады. Қазата елді мекеніндегі мектеп меншігіндегі бау-бақшаны ретке келтіру мәселесі бойынша аудандық білім бөлімі тиісті жұмыстар жүргізуде екендігін баяндады, - аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков. Алғабастық тұрғындармен кездесуде аудан басшысы ағымдағы жылдың 8 айдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды да таныстырып өтті.
Кездесу жиында тұрғындар Таңатар елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу, қосымша жай салу, Қауымбаев көшесіндегі ескі бағаналарды ауыстыру, ойын алаңшасы және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Ержігіт Шәріпбеков жиында көтерілген мәселелер бойынша жоспарға сәйкес кезең кезеңімен шешімін табатынын жеткізіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Назарға алып, сала бойынша орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырма жүктеді.
Алғабас ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, барлық бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Айта кетеін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жүзеге асқан кездесу барысында округ халқы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тұщымды жауап алды. Президенттің қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыруға алған басқосу барысында аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы көтерілген мәселелердің орындалу барысы мен шешу жолдарын түсіндірді.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.