БӘЙДІБЕК: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келгендер жер, тұрғын үй, газ, материалдық көмек, балық шаруашылығын дамыту, қайтарымсыз несие алуға көмек берілсе деген талап-тілектерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, қолданыстағы заң аясында түсінік берді. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, орындалуға тиісті бірқатар мәселелерді назарға алып, шешу жолдарын қарастыру үшін сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.
Тұжырымдаманы іске асыруда «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мәселен, «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның...

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы...