КЕЛЕС: АМАНГЕЛДІДЕ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ИНТЕРНЕТІНІҢ САПАСЫ АРТАДЫ

КЕЛЕС: АМАНГЕЛДІДЕ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ИНТЕРНЕТІНІҢ САПАСЫ АРТАДЫ

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың жеке қабылдауына Біртілек ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылының тұрғындары келіп, ауылға ұялы байланыс интернетінің сапасын арттырып беруін сұранған болатын.
Аудан басшысы шұғыл түрде елімізіздегі ұялы байланыс қызметін көрсететін мекемелерге сұраныс жібертіп, мәселенің өзектілігін жеткізді.
Нәтижесінде Кселл АҚ мекемесінің өкілдері Келес ауданына келіп, Амангелді елді мекеніне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мекеменің базалық станциясы қойылатын аймақты таңдап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олар үшін қолайлы аймақтан қаралған жердің құжаттандыру жұмыстарын бастап кетті.
Аталған ауылға 18 метрлік бағана орнатылып, базалық станция 4G қызметін ұсынады. Осылайша тұрғындар көтерген мәселенің бірі өз шешімін таппақ.
Айта кету керек биылғы жылдың соңына дейін аудан орталығы Абай ауылындағы орталық автобекет маңынан Кселл АҚ мекемесінің базалық станциясы орнатылып, өз тұтынушыларына 4G қызметін ұсынбақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...