КЕЛЕС: ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН ҚОҚЫС ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕМЕК

КЕЛЕС: ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН ҚОҚЫС ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕМЕК

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға онлайн қатысқан тұрғындар да болды. Олар әлеуметтік, кәсіпкерлік, инфрақұрылым жүйелері бойынша өз сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.
Қабылдауға келген тұрғынның бірі Ақтөбе ауылдық округі аумағынан бірінші дәрежелі автотұрақ салуды жоспарлап отырғанын, аудан әкімінен қажетті жер телімін қарастырып беруін сұрады. Өз кезегінде аудан басшысы тиісті заң нормаларына сәйкес тұрғынның өтініші негізінде шешім қабылданатынын айтты.
Онлайн режимде қабылдауға жазылған Қарағанды облысының тұрғыны қайырымдылық мәселесінде өз өтінішін жеткізді. Аудан әкімі қажетті құжаттарын жолдауын, мүмкіндігінше қолдау көрсетуге әрекет жасайтынын атап өтті. Абай ауылының тұрғыны қайта өңдеу кәсібін ашуды жоспарлап отырғанын, жоспарын іске асыру үшін жер телімі және ұйымдастыру шараларына атсалысуды сұранды. Аудан басшысы кәсіпкердің бастамасы жан-жақты қолдау табатынын жеткізді.
- Қайта өңдеу саласын дамыту бүгінгі таңда өте маңызды жобалардың бірі. Әкімдік тарапынан Сізге қажетті қолдау болады. Сіз көшелерге арнайы қоқыс жәшіктерін орнатуды қолға алыңыз. Әкімдік тарапы арнайы белгіленген полигон аумағынан жер телімін қарастырып береді. Ол жерге инфрақұрылым жүйесі де тартылады. Жобаңызды ауданымыздың барлық елді мекенінде жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылады, - деді Жәнібек Есенұлы.
Аудан басшысының қабыладуына жазылған Жүзімдік ауылдық округінің тұрғыны өз көшесіне шағал тас төсеп беруін сұранды. Тұрғын сұранысы алдағы атқарылатын жұмыс жоспарына енгізіліп, бақылауға қойылды.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.
Тұжырымдаманы іске асыруда «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мәселен, «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап...

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты,...