ORDABASY: АУДАННЫҢ МАҢЫЗДЫ ЖОЛ БӨЛІКТЕРІНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

ORDABASY: АУДАННЫҢ МАҢЫЗДЫ ЖОЛ БӨЛІКТЕРІНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың ауыл округ тұрғындарымен есепті кездесуінде көтерілген өзекті мәселелер бойынша жұмыстар атқарылуда.
Бүгін аудан басшысы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-талаптары негізінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жол жүру қағидаларының өрескел бұзушылықтарының алдын алу мақсатында «Сергек» және «Мерген» бейнебақылау жүйелерін орнатуды жүзеге асыратын компания қызметкерлерімен талқылау өткізді.
Кездесу барысында бейнебақылау камераларының түрлері және техникалық функцияларымен таныстырылды.
Нәтижесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін бейнебақылау камералары ең алдымен «Шымкент Самара» тас жолы бойы мен Қараспан, Бадам, Төрткүл аумақтарына орнату, сонымен қатар аудан орталығы Темірлан елді мекенін қосымша қамтамасыз ету жолдары қарастырылды.
Сондай-ақ, Азат Әбдіғалиұлы компания өкілдерімен осы жол бөліктерін арнайы аралап, бейнебақылау құралдарын орнататын мекен-жайларды нақтылады.
Алдағы уақытта аудан көлемінде орнатылатын және орнатылған «Сергек» және өзге де бейнебақылау камералары жайлы аудандық Полиция бөлімі толығырақ мәлімет беретін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп...