САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындарды жеке қабылдауында тұрғындар тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын контейнерлер орнату бойынша өтініштерін жеткізген болатын.
Қазіргі таңда, аталған мәселе өз шешімін тауып, Сарыағаш қаласы, №10 көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына тұрмыстық қалдықтарды тастайтын контейнерлер орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс барысын бақылаған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне және қала әкімі М.Доспуловқа орнату жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, жіті бақылауында болатынын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...