ТӨЛЕ БИ: АЙТЫЛҒАН ҰСЫНЫСТАР МЕН ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕР ЕСКЕРІЛЕ ОТЫРЫП, ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

ТӨЛЕ БИ: АЙТЫЛҒАН ҰСЫНЫСТАР МЕН ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕР ЕСКЕРІЛЕ ОТЫРЫП, ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың 2023 жылдың төртінші тоқсандағы тоғызыншы кездесуі Киелітас ауылдық округінде өтті. Достық елді мекенінде ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының шекарасында орналасқан округтегі облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы – 99,5 % құраса, елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлығы - 85,7% жетеді. Биылғы жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожамжар, Шойбек датқа көшелеріне бюджеттен қаржы қаралып, мердігер мекеме «Нұр сапа» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Наурызым, Сұлтан Бейбарыс, Тұмар, Жасдәурен көшелерінің жол жыбындысын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыланбұзған көшесінің 1,3 шақырымын асфальттау үшін сметалық құжаттама әзірленіп, мердігер мекемені анықталуда. Сұлтан Рабат елді мекеніндегі «Бадам» өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі үшін құны 11,2 млн.т сметасы әзірленген, алдағы болатын бюджетті нақтылауда қаржы қарауға ұсынылатын болады. Қарауылтөбе, Қорған көшесіндегі 63 үйге 5,6 шақырым газ құбыры тартылып, газды қосу бойынша техникалық шарт алынды. Құбырлар сығымдаудан өткізілуде. «ҚазТарансГазАймақ» АҚ атқарушы техникалық құжатына ИТД нөмірі алынып, биылғы жылы газ іске қосылады. «Ленгір құс» кооперативіне ауыз су құбырын жүргізу үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, «Ленгір су» МКК тарапынан құбыр тартылуда. Ағымдағы жылдың қараша айының аяғына дейін су құбыры жүргізіліп пайдалануға беріледі.
2023 жылы Қарауылтөбе, Ескіқорған, Жалын көшелеріне жоба бойынша 4 трансформатор, 12,2 шақырым электр желісі тартылып, 155 абоннент сапалы электр қуатымен қамту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Мерей, Береке көшелеріндегі электр жүйелері жаңартылуда. «Шымкентцемент» АҚ демеушілігі есебінен Алимкулов, Бірлік көшелеріне түнгі жарық шамдары орнатылды. 2023 жылы Сұлтан Рабат елді мекеніне балалар ойын алаңшаларын орнату және қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Халыққа билікке деген сенімін нығайту бағытындағы кездесуде аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, айтылған мәселелердің алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініш-тілектер ескеріле отырып, іс-шаралар жоспары әзірленіп, бұл бағытта жұмыстар жүргізіледі. Округ халқы тарапынан туындаған сауалдарға аудан әкімі тиісінше жауап беріп, тұрғындар тілегі басты назарда екендігін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жүзеге асқан кездесу барысында округ халқы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тұщымды жауап алды. Президенттің қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыруға алған басқосу барысында аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы көтерілген мәселелердің орындалу барысы мен шешу жолдарын түсіндірді.
Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Бұл бағытта аудан әкімі ауданның 55 елді мекенін аралап, халықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, олардың талап-өтініштеріне құлақ асып, өз құзыреті шегінде шешу жолдарын қарастыруда.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Еститін мемлекет» бірінші кезекте халықтың үніне құлақ салып, олардың мұң-мұқтажын ескеруі тиіс.
Мұны президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында атап өткен болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында халық пен билік арасында диалог болуы шарт деген бағытты барлық мемлекеттік қызметшілер ұстануы шарт.
Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың наразылығын күтпей, олармен араласу мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейді. Бұл әртүрлі дауыстарды тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір қауымдастықтарға немесе қызығушылық топтарына жүгінуді қамтуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың саясаттың қалай тұжырымдалатынын және жүзеге асырылатынын түсінуін қамтамасыз ете отырып, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын көрсетеді. Мұндай ашықтық мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі.
Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...