САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың өткен есепті кездесуінде Жартытөбе ауылдық округінің тұрғындары бірқатар өзекті мәселелер көтерген болатын. Халық сұранысынан кейін «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Құрама елді мекенінде спорт кешені құрылыстары жүргізілуде. Құрама елді мекендерінің ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Төңкеріс, Құрама, Достық, Бостандық елді мекендерінде жалпы 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
- Құрметті ауыл тұрғындары, өздеріңіз көріп отырғандай, аудан әлеуметтік-экономикалық даму үстінде. Аудандағы өзекті мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз. Өткен есепті кездесуде көтерілген мәселелердің барлығы ауданның даму жол картасына енгізілген. Алдағы уақытта бюджеттің мүмкіншілігіне қарай, кезең-кезеңімен тиісті жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады,-деп түйіндеді сөзін аудан басшысы.
Кездесуде тұрғындар тарапынан жол жөндеу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, дәрігерлік амбулатория, каналды механикалық тазалаудан өткізу, жол белгілерін орнату, аяқ жол және жеке мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыс жүретінін айтты. Ашық пікір алмасу өтіп, күрделі мәселелердің түйіні тарқатылды.
Кездесуден кейін, аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды,...