ТҮЛКІБАС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

ТҮЛКІБАС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жұмыс жоспарына сай аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Мемлекеттен әлеуметтік тұрғын-үй алу, жұмысқа орналасу және коммуналдық мәселелерімен жүгінген азаматтардың өтініштерін Нұржан Жақсылықұлы жіті тыңдап, Заң талаптарына сай жауап қатты.
Бүгінгі таңда ауданымызда көп қабатты әлеуметтік тұрғын үйлердің соғылмауына байланысты үй кезегінде тұрған азаматтардың өтініштері қанағаттандырылмай тұрғанын тілге тиек етіп, жауапты мамандармен бірге мемлекеттік қолдау негізінде қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асып жатқан бағдарламаларды түсіндірді.
Жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінген азаматқа тұрақты жұмыс орны табылғанша жаңа жылдан бастап қоғамдық негізде уақытша жұмысқа орналасуға болатындығын жеткізіп, тиісті мекеме басшысына бақылауға алуын тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Көлік министрлігі жаңа халықаралық әуе маршруттарын іске қосу аясында тұрақты жұмыс жүргізуде. Осы жылдың мамыр айынан бастап Қазақстаннан 10...

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...