Шымкентте екі мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді

Шымкентте екі мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді

Биыл 9 айда Шымкентте сыбайлас жемқорлық жасаған 49 адам анықталып, 36 адам сотталды. Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали айтты. 

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан білім жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері әлі де тіркеліп жатыр. Екі жалпы орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Мәселен, департамент №34 орта мектеп директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол қамқорлығы үшін өз қарамағындағы қызметкерлерден бірнеше рет пара алған және жымқырған деген күдікке ілінді»  деді А. Жұмағали. 

Сондай-ақ, парақорлық фактілері бойынше 10 тәртіп сақшысы қылмыстық жауапқа тартылған. Сонымен қатар Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы сот шешімін шығару бойынша пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...