КЕНТАУ: КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РОБОТ ҚҰРАСТЫРУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

КЕНТАУ: КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РОБОТ ҚҰРАСТЫРУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Кентау қаласының RoboMektep оқу орталығының оқушылары қос бірдей орынды иеленіп, жеңіспен келді. Жуырда Шымкен қаласында «Робото техникасы» бойынша ашық чемпионат өтті.
Мықтылар шыңдалатын жарысқа еліміздің әр қаласынан 52 оқушыдан құралған 26 команда, 26 оқытушы тренер бақтарын сынады.
Әр команда өздерінің жасаған роботтарын таныстырып, ерекше үлгіде құралған бөліктерімен сынға түсті. Дәстүрлі жарыс лига форматында 1 оқу жылына созылатын, бірнеше кезеңнен тұратын жарыс форматында өткізілді.
Жарыстың мақсаты - балалардың арасында мықты командаларды анықтап қана қоймай, олардың бойына бәсекеге қабілетті біліктілікті арттырып, халықаралық біріншіліктерге дайындау болып табылады.
Робото техникасы бойынша ашық чемпионат жыл өткен сайын дамып келеді. Одан бөлек, Кентау қаласында да осы салаға балалардың қызығушылығы артуда. Оған дәлел аталған жарыста екі бірдей кентаулық «SUNKAR » командасы 1-ші орынды иеленсе, «QMAX » командасы 2-ші орынды қанағат етті.
Мемлекет басшысы цифрландыру және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән береді. Бұл өте құптарлық әрекет. Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев ІТ саласы бойынша төмендегідей мәлімдеме жасаған еді:
– Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек,- деген еді мемлекет басшысы.
Шынында, егер ел ішінде отандық IT саласының мамандары аз болатын болса, кадр даярлаудың да мүмкіндіктері кеми бермек. Сондықтан ең бірінші біз IT мамандарының сонымен қатар сапасын да арттыруымыз қажет. Қазіргі білім алушы жастарға бұл саланың болашағы зор екенін ұғындырып, қызықтыра білгеніміз жөн. Қазір білімділер мен білгірлердің дәуірі.
2026 жылға қарай ІТ қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу – Үкіметке жүктелетін жаңа міндет. Шетелдің ірі ІТ компанияларымен бірлескен кәсіпорындар ашу бұл іске септігін тигізері сөзсіз. Үкімет осы мәселені мұқият зерделеп, нақты ұсыныстар енгізуі керек. Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек.
“Еліміз есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала алады. Сондықтан ірі мәлімет орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сондай-ақ мәліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет. Цифрландыру ісінде басшылыққа алынатын қағидаттарды заң жүзінде бекітетін кез келді. Үкіметтен, сарапшылар қауымынан, Парламент депутаттарынан біртұтас салалық құжат әзірлеу мәселесімен айналысуды сұраймын.Мен сайлау алдындағы бағдарламамда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылдау туралы бастама көтерген едім. Қазір әзірленіп жатқан заң жобасында экономикамызды ғылым мен инновацияға сүйене отырып дамыту логикасының көрініс табуы өте маңызды.Бизнес-инкубатор, коммерцияландыру орталығы, технопарк, құрастыру бюросы сияқты инновациялық инфрақұрылымдар құруға қатысты жеке бастамаларға сөз жүзінде емес, нақты іспен қолдау көрсететін пәрменді шаралар керек. Шетелдің озық тәжірибесін пайдаланған жөн.Венчурлық қаржыландыру тәсілі инновациялық жобаларды іске қосуға қажетті негізгі қаражат көзі болуға тиіс. Сондықтан жобаларға еліміздегі және шетелдегі инвесторлардың қызығушылығын арттыру үшін құқықтық және қаржылық мәселенің бәрін шешу қажет”, деді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...