Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы Бейбітшілік, Құрманғазы 86, 84а тұрғын үйі мен Қаратау мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көше жарықтары, ойын алаңшалар, қоғамдық көлік мәселесі қозғалды.
Қәзіргі таңда, Бейбітшілік көшесінде осы сәтке дейін салынбаған жол асфальттанды. Көше бойларына жарық бағаналары орналастырылды. Аталған жұмыстар келесі жылыда жалғасын табады деген қала басшысы, жыл соңына дейін аталған аймақ көгілдір отынмен қамтылатынын жеткізді.
Қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы Құрманғазы көшесіндегі №86, №84А үйлерінің ауласында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылап, тұрғындармен тілдесті. Кентау қаласында қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Құрманғазы көшесіндегі №86, №84А үйлері күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
Аталған жұмыстар биыл қазан айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда. Айта кетерлігі, биыл шаһар бойынша 55 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңғыртылуда.
Одан бөлек, қала басшысы қаратау мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесіп, мәселерін тыңдады. Тұрғындар жол салу, газға қосылу, көше жарықтарын қосу секілді бірқатар мәселелерді көтерді. Қала басшысы қала бюджетіне қарай өз кезегімен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, аталған аймақтың инфрақұрылым жұмыстары келесі жылдың жоспарында екенін түсіндірді. Алайда, соған қарамастан асфальт жоқ көшелерге уақытша қиыршық тастар төсеу жағын қарастыратынын атап өтті. Қала тұрғындары қала басшысына ең алдымен қажетті деген аймақтарға көңіл бөлініп жатқандығына ризашылықтарын білдірді.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Еститін мемлекет» бірінші кезекте халықтың үніне құлақ салып, олардың мұң-мұқтажын ескеруі тиіс.
Мұны президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында атап өткен болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында халық пен билік арасында диалог болуы шарт деген бағытты барлық мемлекеттік қызметшілер ұстануы шарт.
Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың наразылығын күтпей, олармен араласу мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейді. Бұл әртүрлі дауыстарды тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір қауымдастықтарға немесе қызығушылық топтарына жүгінуді қамтуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың саясаттың қалай тұжырымдалатынын және жүзеге асырылатынын түсінуін қамтамасыз ете отырып, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын көрсетеді. Мұндай ашықтық мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі.
Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.